Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған








103
Жедел жәрдем
109
Бірыңғай байланыс орталығы102
Полиция101
Өрт қызметі
112
Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі
8(7242) 40 11 91
Қызылорда облысы әкімдігінің сall-орталығы104
Газ қызметі103
Жедел жәрдем
109
Бірыңғай байланыс орталығы102
Полиция101
Өрт қызметі
112
Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі
8(7242) 40 11 91
Қызылорда облысы әкімдігінің сall-орталығы104
Газ қызметі103
Жедел жәрдем
Маңызды күндер, фактілер мен оқиғалар

Кзыл-Орда қаласының гербі (Перовск, Қазақстан), (1909 ж.)
• 1817 жылы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында Ақмешіт қамалының құрылысы басталды;
• 1818 жылы қамал оң жақ жағалауға көшірілді. Ақмешіт қамалы жан-жағында қамысты- бұталы тоғай қоршаған үлкен ойпатта орналасқан болатын. Бұл ойпат Бегалы Қоға деп аталатын;
• 1847 жылдан бастап патшалық Ресей Сыр жағалауы мен Аралды өз империясына қосу саясатын бастады;
• 1853 жылы Перовск қамалы деп атала бастады;
• 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы құрылған кезде осы қамал болыс орталығы болып, қала мәртебесін алды. Бастауыш мектептер ашылды, кірпіш зауыты, жел диірмендері, шеберханалар мен дүкендер жұмыс істей бастады. Қалада мешіттермен қатар шіркеулер де жұмыс жасады – 70-жылдардан бастап қалада мұсылман мешіттері пайда болды;
• 1868 жылы Перовскіде уездік пошта бөлімі ашылды;
• 1905 жылы «Оренбург-Ташкент» темір жолы қолдануға берілгеннен кейін үйлестіруші логистикалық құрылым (бекеттер, вокзал, депо, қоймалар) салынды;
• 1917 жылдың 30 қазанында Перовскіде Кеңес билігі орнады;
• 20-жылдарға дейін қалада өндірістік кәсіпорындар жұмыс жасамады – тұрғындардың басты шаруасы сауда болды, қаланың коммуналдық шаруашылығында қалалық диірмен және екі су насосы болды;
• 1922 жылы қала қайтадан Ақмешіт деп аталды. Осы жылы бірінші ағаш өңдейтін ұстахана ашылды, кірпіш зауыты қалпына келтірілді;
• 1925 жылы 15 сәуірде қалада Қазақ Автономдық Республикасының Бүкілодақтық еңбекшілер съезді болды, сол жерде қаланы Қызыл-Орда («қызыл астана») деп атау және оған республика астанасы дәрежесін беру шешімі қабылданды. Сол уақыттағы қала халқының саны 22 мың 577 адам болатын. Осы жылдары бірінші рет электрэнергиясы қосылды, қаланың барлық жерлерінде құрылыс жүріп жатты, жаңа үлгідегі үйлер салынды, оқу орындары, халық ағарту институттары және т.б. тұрғызылды;
• 1929 жылы астана Алма-Ата қаласына көшірілді, ал Қызыл-Орда округ орталығы болды;
• 1930-1940-жылдары аймақтың және қаланың халық саны КСРО-ның басқа бөліктерінен келгендердің: саяси қуғындардың, Белоруссия мен Батыс Украинадан депортирленген поляктардың, немістердің, кәрістердің, Қырым мен Солтүстік Кавказ халықтарының Фашистік Германия жаулап алған аймақтардың эвакуанттарының есебінен едәуір артты;
• 1938 жылдың 15 қаңтарында Қызылорда облысы құрылып, Қызылорда қаласына облыс орталығының дәрежесі берілді;
• 1960-70-жылдары целлюлиттік-картонды, механикалық, күріш зауыттарымен және аяқ-киім фабрикасымен қатар Гагарин, Титов қыстағы секілді тұрғын-үй кешендері құрылды. Осы жылдары «Главриссовхпзстрой» тресті ашылды;
• 1980-90-жылдары қазіргі Абай даңғылы, А.Тоқмағамбетов, Желтоқсан көшелерінде әсем ғимараттар мен тұрғын үйлер бой көтерді. Осы жылдары салынған Ақмешіт, Мерей мөлтек аудандары, «Южказнефтегаз» фирмасының әкімшілік ғимараты, диагностикалық орталық, үлкен жаңа аурухана кешені қала көркін аша түсті.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.

Қызылорда облысының гербі
• 1991 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан Тоқтар Әубәкіров «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Құмкөл кенішінен алғашқы миллион тонна мұнай өндірілді.
• 1992 жылы «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
• 1994 жылғы наурыз айында облыс, қала, аудан маслихаттары сайланды.
• 1994 жылы «Союз ТМ-19» ғарыш кемесімен Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшып, төрт айдан астам уақыт орбиталық «Мир» стансасында нақты ғылыммен айналысты.
• 1993 жылы Қызылорда облысында жаңа техникамен жабдықталған консультативтік-диагностикалық орталығы ашылды.
• 1995 жылы Ленинск қаласының атауы Байқоңыр қаласы болып өзгертілді.
• 1996 жылғы қарашада Қызылорда арнайы экономикалық аймағы құрылды.
• 1997 жылғы маусымда Сырдария ауданы таратылып, бұрынғы Тереңөзек ауданы Сырдария ауданы болып аталды. Қызылорда облысы мен қаласының орысша транскрипциясын (Кзыл-Орда) Қызылорда деп өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Жарлығы шықты.
• 1999 жылы Қазақстан бойынша ешбір теңдесі жоқ еуропалық стандартпен салынған облыстық медицина орталығы ғимараты пайдалануға берілді.
• 1999 жылы облыстық кітапханаға Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Ә.Тәжібаевтің есімі берілді.
• 2000 жылы Қызылорда қаласының аэропортына Қорқыт Ата есімі берілді.
• 2001 жылы «Аралдың кепкен табаны – 2001» археологиялық экспедициясы Кердері кесенесіне археологиялық зерттеу жұмыстарын бастады.
• 2002 жылы Ғани Мұратбаевтың 100 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде атап өтілді.
• 2003 жылы Арал қаласының 100 жылдығы мерекеленді.
• 2003 жылы Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығына алғаш рет қазба жұмыстары басталды, Қызылорда қаласының жазушылар композициясы ескерткіші (Ә.Тәжібаев, Қ.Мұхамеджанов, З.Шүкіров) ашылды.
• 2004 жылдың ақпан айында 30 спортшыға арналған Олимпиадалық даярлау орталығы, 1 қыркүйектен бастап Қызылорда қаласында арнайы жеңіл атлетикадан мектептер ашылды.
• 2004 жылы "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы аясында Қармақшы ауданындағы Сырлытам кесенесіне қайтажаңғырту, Шірік Рабат қалашығына және Кердері кесенесіне археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қызылорда қаласының Қазақ АКСР-нің астанасы болғанына 80 жыл толуына орай Ақмешіт музейі ашылды.
• 2005 жылы қазақтың көрнекті ақыны Асқар Тоқмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойы атап өтілді.
• 2005 жылы аймақта алғаш рет облыстық жастар форумы өткізілді.
• 2005 жылы Илья Ильин, 17 жасында, Катар елінің Доха қаласында ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
• 2005 жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары құрылды.
• 2005 жылы республикалық бюджет есебінен Ақтас мешіті, Айқожа кесенесі, Сараман Қоса мұнарасы, Оқшы Ата кесенесі қайта қалпына келтірілді, Жанкент қалашығында қазба жұмыстары басталды.
• 2006 жылы Доминикан Республикасының Санто-Доминго қаласында ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатында Илья Ильин ересектер арасында 2-і дүркін Әлем Чемпионы атанды.
• 2006 жылдан бастап әр үш жыл сайын түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты халықаралық фольклорлық музыкалық өнер фестивалі өткізіліп келеді.
• 2007 жылы облыстық филармония жанынан тұңғыш рет Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі құрылды. Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуовтың 125 жылдық мерейтойы атап өтілді.
• 2008 жылы Қазатомөнеркәсібі АҚ-на қарасты «Қызылқұм» ЖШС уран өндіре бастады.
• 2008 жылғы XXIX Пекин Олимпиада ойындарына алғаш рет 11 спортшы қатысты.
• 2008 жылы Қызылорда қаласының Сырдария мөлтек ауданында Ақмешіт мешіті ашылды. Ғимараттың жалпы ауданы 3363 шаршы метрді құрайды. Мешітте бір мезгілде 1300 адам намаз оқи алады.
• 2009 жылы Ел Президентінің «100 аурухана» бағдарламасына сәйкес, облыста жалпы 44 объекті іске қосылды. Осы жылдың желтоқсанында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы 400 мың кітап сақтау орны бар жаңа ғимаратқа көшірілді. Сонымен қатар, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында облыс орталығында 200 төсектік перинаталдық орталық және бір ауысымда 500 келушіні қабылдай алатын қалалық емхана құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
• 2009 жылы Арал балық өндіру зауыты іске қосылды. Шығарылатын өнім түрлері: көксерке, сазан, жайын, шортан, дөңмаңдай, камбала, ақмаңдай, табан, аққайран балық өнімдері (аз тұздалған, маринадталған, кептірілген). Арал зауыты жылына 6000 тонна әр түрлі балық өнімін өндіреді. Тәулігіне 5 тонна балық шикізатының жон етін (филе), 1 тонна фарш өндіреді және 15 тонна балық тұздайды. Зауыт өз өнімдерін Германия, ТМД елдері және Түркияға экспорттайды.
• 2010 жылы Қызылорда қаласында жоғарғы спорт шеберлігі мектебі ашылды.
• 2010 жылы «Кызылординские вести » газетінің 80 жылдығы атап өтілді.
• 2011 жылы Қызылордада VІІ Азия ойындарының Алауы жағылды.
• 2011 жылы қызылордалық жастарды қолдау мақсатында алғаш рет облыс әкімінің «Сыр үміті» жастар сыйлығы тағайындалды.
• 2011 жылы «Арал-Ас» жайдарман командасы Республикалық «Жайдарман» жоғарғы лигасының чемпионы атанды.
• 2011 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың жұмыс сапарымен Сыр өңіріне келуі қарсаңында Қызылорда қаласында жеке және мемлекеттік әріптестік аясында «Нұр сәт» теннис орталығы пайдалануға берілді.
• Францияның Париж қаласында ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатында Илья Ильин үшінші мәрте әлем чемпионы атанды.
• Астана қаласында қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріндеде Ұлан Рысқұл Ел тарихында тұңғыш «Қазақстан барысы» атанды.
• 2012 жылдың 12 шілдесінде облыста алғаш рет «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі ашылды.
• 2013 жылы Қызылорда қаласында «Мұз айдыны» спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
• Алматы қаласында тоғызқұмалақтан өткен Әлем чемпионатында Хәкімжан Елеусінов екінші мәрте әлем чемпионы атанды.
• Алматы қаласында ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатында Илья Ильин 4 дүркін Әлем чемпионы атанып, Әлем рекордын жаңартты.
• 2013 жылы «Абзал және К» жалпы серіктестігінің директоры Ералиев Абзал Жұмашұлы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды.
• 2013-2017 жылдары Қызылорда қаласында 12 шағын аудан пайда болды. Дарияның сол жағалауындағы 1500 гектар аумақ жер телімі жаңа қаланың құрылысы үшін бөлінді. Дарияның арғы бетіндегі 18 тұрғын үй, балабақша, Қазақ атқару комитеті ғимаратының бір кездері бұзылып кеткен архивтегі сызба үлгісімен салынған музей, «Болашақ» университеті қаланың мақтанышына айналды.
• 2013 жылдың 7 қыркүйегінде аймақтың белсенді жастарының ұсынысымен ашылған «Ақмешіт жастары» газетінің алғашқы номері жарық көрді.
• 2014 жылдан бастап Қызылорда облысы мен Ресей Федерациясы арасында меморандумға қол қойылып, Сыр жастарына Ресейдің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алу мүмкіндігі туды. Бүгінге дейін аталған меморандум аясында 301 қызылордалық жас жоғары білім алды.
• 2014 жылдың қаңтарынан облыс жастарына арналған Жастар ресурстық орталықтары жұмысын бастады.
• 2014 жылы Қорқыт Ата әуежайы Халықаралық мәртебеге ие болып, шет мемлекеттерге әуе қатынасы ашылды. Тоғыз жолдың торабы болған «Жезқазған - Бейнеу» теміржолының құрылысы аяқталды.
• 2014 жылы "Ғасыр жобасына" айналған Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізінің Қызылорда облысы аумағынан өтетін 812 шақырымы аяқталды.
• 2015 жылы Қызылорда қаласында 3000 мың орындық ипподром және «Тарлан» бокс орталығы іске қосылды.
• АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатында Александр Зайчиков Әлем чемпионы атанды.
• 2015 жылы академик Асқар Жұмаділдаевтың сыйлығы үшін математикадан алғаш рет республикалық олимпиада өтті. 2019 жылдан бастап олимпиада халықаралық деңгейде өткізіле бастады.
• 2015 жылы Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов «Союз ТМА -18 М» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.
• 2015 жылы ынтымақ пен татулық мекені Достық үйі ашылды. 2015 жылы «Балапан» бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалды. Бүлдіршіндер балабақшамен 100% қамтылды. Қызылорда өңірінде жетімдер үйінің соңғысы 2015 жылы жабылып, орнына отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылы ашылды.
• 2016 жылдың 13 қаңтарында Республикалық Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығы тағайындалып, алғаш рет Сыр жастарына табысталды.
• 2016 жылы Қызылорда қаласында Сырдария өзені арқылы сол жағалауды байланыстарын көпір пайдалануға берілді.
Көксарай бөгеті салынып, Арал арнасы тола бастағанда балықшылар да ата кәсібіне қайта оралды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы қолға алынып, жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне 12, өңірлік қасиетті нысандар тізіміне 35 ескерткіш енгізілді.
• 2018 жылы Маврикий Республикасының астанасы Порт-Луисте өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің отырысында «Қорқыт ата» мұралары, Қазақстанның бастамашылығымен және бауырлас Түркия, Әзербайжан мемлекеттерінің қолдауымен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралары тізіміне «Қорқыт ата мұрасы: дастан, аңыз және музыка» деген атаумен енгізілді.
• 2018 жылы сыйымдылығы 600 мың құжатты қамтитын облыстық мемлекеттік архивінің ғимараты пайдалануға берілді.
• 2019 жылдың мамыр айында Сыр жастарына арналған «Жастар орталығы» заманауи ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа орталықта IT-park, хакспейс, антикафе, IT - кітапхана, жаттығу залы, коворкинг, фитнес-орталық, жастарға әдістемелік қызмет көрсету бөлмесі, 330 адамға арналған көпфункционалды зал, жастар шығармашылығын дамыту орталығы, өз-өзіне қызмет көрсету бөлмесі және жастар ұйымдарының бөлмесі жұмыс істейді.
• Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанынан Дәстүрлі өнер академиясы ашылды.
• Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрына «Академиялық» мәртебесі берілді.
• 2019 жылы Қызылорда облысының күрішшілері облыс бойынша егілген күріштің әр гектарынан 60,3 центнерден өнім алып, көрсеткішті жаңартты. Агроөнеркәсіп кешенінен экспортталатын өнімдердің тізімі 3-тен 19 түрге көбейді. Облыста 11 әлеуметтік нысан және Байқоңыр қаласында соңғы 30 жыл ішінде алғаш рет «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 50 пәтерлі 5 тұрғын үй салынды.
• 2019 жылы мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева Жапонияның Сайтама қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленіп, әйелдер арасында тұңғыш рет төрт айналым элементін жасап тарихқа енді.
• «Қайсар» футбол командасы 20 жыл үзілістен кейін, Қазақстан кубогы ойындарында жеңімпаз атанып, 2020 жылы УЕФА Европа Лигасында өнер көрсетуге жолдама алды.
• 2020 жылы облыстық филармония жанынан қобызшылар ансамблі құрылды.
«Рухани жаңғыру» орталығы туралы
• 2018 жылғы 29 қыркүйекте Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай Сырдария өзенінің сол жағалауынан Қазақ Орталық Атқару Комитеті (КазЦИК) ғимараты үлгісінде бой көтерген жаңа нысан «Рухани жаңғыру» орталығы мен қалалық мұражай ғимараты пайдалануға берілді. Өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мақсатында құрылған облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы мен қалалық мұражай ғимаратының салтанаты ашылу рәсіміне сол кездегі ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова қатысып, лентасын қиды.
Сонымен бірге, қаланың сол жағалауынан «ҚазГерМұнай ЖШС БК» құрылысын жүргізген Жастар ресурстық орталығының жаңа ғимараты бой көтерді. Жаңа орталық жастардың жан-жақты даму мәселелерімен айналысуда.
Сол жағалаудан бой көтерген зәулім ғимарат "Болашақ" университеті 2019-2020 оқу жылы пайдалануға берілді. 14 қабатты ғимаратта студенттер үшін арнайы кітапхана, оқу залы, теле-студия, асхана, амфитеатр қарастырылған. Қазіргі күні университет жатақханасының және спортзалының құрылысы жүргізілуде.
Өңіріміздің тумасы «Болат Өтемұратов жеке қоры» аз қамтылған көп балалы 100 отбасыға арналған 100 үйдің құрылысын салып, жаңа «Бәйтерек» шағын ауданы бой көтерді.
Республикалық «Қазақстандағы 100 жаңа есім» арнайы жобасы бойынша Қызылорда облысынан әскери фото-журналист Н.Кенжетай, жеке кәсіпкер А.Сайлығараев, педагог-психолог С.Абдрахманова, дәрігер-хирург Б.Баймаханов, ғалым-селекционер А.Подольских, тоғызқұмалақшы А.Далиева, медицина қызметінің подполковнигі С.Қалдашов жеңімпаз атанды.

Облыс Арал теңізінің шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Аумақтың негізгі бөлігі Тұран ойпатында орналасқан (биіктігі 50-200 м.)
-облыстың батыс бөлігі Арал теңізімен шектеседі;
-оңтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында Қаратаудың тау жоталары мен жазықтығы орналасқан;
-батысында – Қарақұм арал маңы құмдарының төбелері бар.
Сырдарияның сол жақ жағалауында – Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің құрғақ арналары кесіп өтетін Қызылқұм топырағының төбелері мен кең жазықтығы, оң жақ жағалауында үстірттері (Егізқара, 288 м.), құм учаскелері (Арысқұм және өзгелері), сорға толы таяз шұңқырлар кездеседі. Солтүстігінде – құм төбелері массивтері (Кішкентай Барсұқ және Қарақұм топырағы) бар. Оңтүстік-шығыс бөлігінде Қызылорда облысының аумағына Қаратау тауының жоталары кіреді (биіктігі 1419 м-ге дейін).
Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа дейін облыс орталығы арқылы ағып өтетін, ұзындығы 1 мың км. созылған, көптеген арналар мен ағыстарға тараған үлкен иреңді арнасы бар Сырдария өзені-ең ірі жалғыз өзен болып табылады. Тасқындардан қорғану мақсатында өзен жағалауының бойымен қорғаныс бөгеттері салынған; 1956 жылы Сырдария өзеніне Қызылорда плотинасы салынды; Для защиты от паводков вдоль берегов реки построены дамбы; в 1956 на реке Сырдарья сооружена Кзыл-Ординская плотина; 1958 жылы Жаңадария арнасымен жайылымдар мен егістікті суландыруға өзен суы жіберілді.
Жазды күндері кеуіп кететін көптеген тұзды көлдер бар (Жақсықылыш, Қамыслыбас, Арыс және т,б.); Көпек және Терескен көлдерінде — емдік қасиетке ие батпақтары бар. Қызылорда облысының шегінде солтүстік-шығысында Сарысу өзенінің сағасы кіреді.
Аумақтың біршама бөлігі өсімдігі аз топырақтары орналасқан; яғни қатайған жерлерінде жусанды бетегелер, тұзға бейімделген өсімдіктер, көктемде құмдақ және сортаң жерлерде тұрақсыз өсімдіктер сорты; құмдардың арасында дүзгіндер өседі. Құм төбешіктері сексеуіл, жыңғылдар, теріскен, бұйырғандар, жусандармен бекіген.
Шөл далада көптеген жыртқыш аңдар (түлкі, қарсақ, қасқыр және т,б.) және тұяқтылар (киік), сонымен қатар кеміргіштер мен құстар (бұлдырлар және өзгелер) кездеседі, Сырдария өзенінің атырабында ондатра бейімделген.
Облыс аумағының негізгі бөлігі Тұран ойпатында, шығысында Қаратау тауының жоталары, солтүстік-батысында Арал маңы Қарақұмы, оңтүстік-батысында Қызылқұм орналасқан. Қызылорда облысының климаты жазы ұзақ мерзімді ыстық және қары аз қысқа мерзімді суық, күрт өзгермелі континентті. Мұндай климаттық режим еуроазиялық материгінің ішінде орналысуымен, оңтүстік аймаққа жақындығымен, атмосфераның ауысымдылығының ерекшелігімен және өзге де факторлармен сипатталады.
Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады.
Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 36-39°С. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44-48°С құрайды. Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай-қаңтардағы орташа температура 35-36°С градусты құрайды.
Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасыынң енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 42°С градусқа дейін жетеді.
Құрғақшылық – облыс климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-190 мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес: барлық жауын-шашынның 60 пайызы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі.
Облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3,1 метрден 6 метрге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады.
|
Жалпы мәлімет |
|
|
Құрылу мерзімі |
15 қаңтар 1938 жыл |
|
Аумағы, мың. шаршы. шақырым |
226,0 |
|
Халық саны, мың. адам. (1 қаңтар 2026 жыл мәліметі бойынша) |
846 135 |
|
Оның ішінде: % |
|
|
Қала тұрғындары |
399 307 |
|
Ауыл тұрғындары |
446 828 |
|
Ер азаматтар |
425854 |
|
Әйел азаматтар |
420250 |
|
Ұлт құрамы, %: |
|
|
Қазақтар (1 қаңтар 2025 жыл мәліметі бойынша) |
814475 |
|
Орыстар (1 қаңтар 2025 жыл мәліметі бойынша) |
12 246 |
|
басқа (1 қаңтар 2025 жыл мәліметі бойынша) |
19 383 |
|
Халықтың тығыз орналасу көрсеткіші – адам/1 шақырым2 |
3,7 |
|
Әкімшілік аумақтық бөліністер |
|
|
Облысқа бағынысты қала |
1 |
|
Аудандарға бағынысты қалалар |
2 |
|
Аудандар |
7 |
|
Кенттер мен ауылдар |
223 |
|
Ауылдық және кент округтері |
144 |
|
Жергілікті өкілетті орган депутаттары, барлығы: |
152 |
|
Облыс мәслихаты |
1 |
|
Аудан мәслихаты |
7 |
|
Қала мәслихаты |
1 |
|
Облыс орталығы |
Қызылорда қаласы |
|
Құрылған жылы |
1938 |
|
Халық саны, мың. адам. |
356,4 |
|
Қала аумағы шаршы.шақырым |
2,4 |
|
Телефон кодтары |
|
|
Қызылорда қаласы |
+7 (7242) ХХ ХХ ХХ |
|
Арал ауданы |
+7 (724 33) ХХ ХХХ |
|
Қазалы ауданы |
+7 (724 38) ХХ ХХХ |
|
Қармақшы ауданы |
+7 (724 37) ХХ ХХХ |
|
Жалағаш ауданы |
+7 (724 31) ХХ ХХХ |
|
Жаңақорған ауданы |
+7 (724 35) ХХ ХХХ |
|
Сырдария ауданы |
+7 (724 36) ХХ ХХХ |
|
Шиелі ауданы |
+7 (724 32) ХХ ХХХ |
|
Облыс орталығының пошта индексі |
12 00 00 |
|
Автомобиль көлігі нөмірлерінің коды |
11 |
|
Денсаулық сақтау мекемелері |
42 |
|
Ағарту мекемелері |
1003 |
|
Мәдениет ошақтары |
413 |
8 (7242) 40-11-91
oblakimat@korda.gov.kz
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған






