
Қызылорда облысы бойынша мектептер саны - 297, (Қызылорда қаласы бойынша - 57, аудандар бойынша - 240) балабақша саны - 680 (мемлекеттік - 161, жеке меншік – 460, шағын орталық - 59), колледждер саны - 28 (мемлекеттік - 17, жеке меншік - 11). Облыстық оңалту орталықтар саны - 3, Бейімдеу орталықтар саны - 2 және Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы - 1, Арнайы мектеп интернаттар саны - 3, Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттер саны - 9, Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар саны - 6. Облыстық білім басқармасына қарасты Облыстық оқу орталығы (Әдістемелік кабинет), «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы, Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығы, Аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы, Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталықтары бар.