«Өңірлік геоақпараттық жүйесі»

"Өңірлік геоақпараттық жүйесі"

 Өңірлік геоақпараттық жүйе

Қызылорда облысының геоақпараттық порталы (бұдан әрі – Геопортал) 2020 жылы  пайдалануға енгізілді. 
Бекітілген талаптарға сәйкес геопорталда ашық және жабық контурлар бар. Барлық жеке және заңды тұлғалар ашық контурға қол жеткізе алады.
Ашық контурға ЭЦҚ бар кез келген пайдаланушыларға қолжетімділік берілді. 
Орталық мемлекеттік органдардың келесідей ақпараттық жүйелерімен және дерекқорларымен өзара ықпалдастыру жүзеге  асырылды: Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры; «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры; «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі; «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры; «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры; «Электрондық үкімет» порталы; Электрондық деректердің бірыңғай қоры; «Мемлекеттік қалалық кадастр» ААЖ.
Қазіргі уақытта жүйеде (https://orda.geoportal.kz ) мемлекеттік қызметтердің 8 түрі қолжетімді:
-Бос жер учаскесін қосу;
-Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрында(ЖМБМК) жер учаскесін жариялау;
-Жер учаскесін сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) немесе жер учаскелерін электрондық түрде жалға алу құқығын ұйымдастыру және өткізу арқылы жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру;
-Ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жер учаскелерінің болуына сұрау салу;
-Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;
-Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
-Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім қабылдау;
-Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату;
Өңірлік геоақпараттық жүйе базасында автожолдардың сапасын бақылау сервисі әзірленіп, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ақпараттың толымдылығын қамтамасыз ету үшін қолжетімділік берілді. Қазіргі уақытта, жол бетінің жай-күйі, орындалған жөндеу жұмыстары және жоспарланған жөндеу жұмыстары туралы деректер функционалдары қамтылған.

Бейнематериалдар