«Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасын» пайдалану шарттары және пайдаланушының дербес деректерін жинау және өңдеуге келісімі

Құрметті пайдаланушы!

 

«Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасын» пайдалану шарттары және пайдаланушының дербес деректерін жинау және өңдеуге келісімі

Мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратты орналастыруға арналған «Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасына» (бұдан әрі – МО ЦРБП) қол жеткізуге өтінім берер алдында пайдаланушы осы Шарттармен мұқият танысып, олармен өзінің келісімін растауы қажет.

 

  1. Пайдалану шарттары

Осы Шарттармен келісімді растай отырып, Пайдаланушы өзінің қол жеткізуін пайдалана отырып жасалатын барлық іс-әрекеттер үшін толық жауапкершілікті өзіне алады және келесіні түсінеді:

  • Пайдаланушы мемлекеттік органның қызметі туралы орналастырылатын ақпараттың дұрыстығы мен өзектілігін және оны пайдалану салдарын қоса алғанда, МО ЦРБП-да оның атынан жасалатын кез келген іс-әрекеттер үшін дербес жауапты болады;
  • электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) Қазақстан Республикасының цифрлық кодексіне сәйкес өз қолтаңбасына теңестірілген заңды күші болады;
  • ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге қатаң тыйым салынады. Пайдаланушы өзінің ЭЦҚ-сын қауіпсіз сақтауға және оны басқа тұлғалардың пайдалануына жол бермеуге міндеттенеді. Осы шартты бұзу заңды жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

 

  1. Дербес деректерді жинау және өңдеуге келісім

Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес Пайдаланушы осы арқылы мемлекеттік органның контент-менеджері ретінде МО ЦРБП-на қолжетімділікті беру және қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ МО ЦРБП-ды пайдалану кезінде жасаған іс-қимылдарын журналға жазу үшін өзінің шектеулі қолжетімділік дербес деректерін жинау және өңдеуге өз келісімін береді.

Өңдеуге келісім берілетін дербес деректердің тізбесі:

– тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

– ЖСН;

– қызметі;

- телефон нөмірі;

- электрондық поштаның адресі.

Дербес деректерге қол жеткізу Әкімшіге тиісті міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде беріледі.

Осы Келісім қол жеткізуді беру және пайдалану кезеңі ішінде қолданылады және дербес деректерді өңдеу Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына байланысты жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, Әкімшіге жазбаша өтініш жіберу жолымен кері қайтарып алынуы мүмкін.

 

  1. Өтінімді толтыруға талаптар

Қол жеткізуге өтінім нысанының барлық алаңдары дұрыс және толық толтырылуы тиіс.

Толық емес, дұрыс емес немесе қате ақпарат берілген жағдайда өтінім қараусыз қабылданбауы мүмкін.

 

  1. Өтінімді қарау тәртібі
  • Қолжетімділікке барлық өтінімдерді Әкімші келіп түсу тәртібінде қарайды.
  • Қажетінше Әкімші деректерді нақтылау үшін өтінімде көрсетілген байланыс телефоны арқылы Пайдаланушымен байланыса алады.
  • Оң шешім қабылданған жағдайда пайдаланушы МО ЦРБП-ға қол жеткізу туралы хабарлама алады.

 

Осы Шарттармен келісімді растай отырып, Пайдаланушы өзінің жауапкершілігін түсінетінін растайды және белгіленген қағидаларды сақтауға міндеттенеді.