Қауіпсіз мектеп

Қауіпсіз мектеп

Аймақтағы барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен 100% қамтылған. Қала, аудан орталықтарындағы білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелері жедел басқару орталығына және полицияның кезекші бөлімдеріне қосылған.
2023 жылы бейнебақылау жүйесін жаңарту мақсатында жергілікті бюджеттен – 453 млн теңге, 2024 жылы – 456 млн. теңге қаржы бөлініп, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының №69 бұйрығына сәйкестендірілді.
Қазіргі таңда, бала және персонал саны 100-ден асатын және қала, аудан орталығындағы білім беру ұйымдарының барлығы дабыл түймесімен қамтылған.
Сонымен қатар, барлық білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйесі №117 бұйрық талаптарына келтірілді. Аталған бұйрық негізінде қала, аудан орталықтарындағы және бала-персонал саны 700-ден асатын білім беру ұйымдары турникетпен, лицензияланған күзетпен толық қамтамасыз етілді. 2025 жылы 156 білім беру ұйымының бейнебақылау жүйесіне жергілікті бюджеттен 1,1 млрд. тг, 101 білім беру ұйымының турникетіне 161 млн. тг, 188 білім беру ұйымының дабыл түймесіне 100 млн. тг қаржы бөлінді. Барлығы 1,3 млрд. тг.
Бүгінгі күні білім беру ұйымдарында қауіпсіздік техникаларын орнату жұмыстары аяқталды.