Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дабылы берілген кезде тұрғылықты халықтың іс-әрекеті

«Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы – төтенше жағдайлар қатері болған немесе болуы мүмкін кезде халықтың назарын аудару үшін дабылдамалар немесе басқа да дабыл беру құралдары арқылы берілетін құлақтандырудың бірыңғай сигналы.
«Баршаның назарына!» – бұл дабыл, Қызылорда облысы ТЖД жедел кезекшісімен, басқа шұғыл хабарландырулардың алдында берілетін, ескерту дабылы.
«БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дабылы берілген кезде тұрғылықты халықтың іс-әрекеті:
дабылды, гудокты және т.б., естігенде тезарада радионы («Астана»; «Шалкар»; «Ретро FM»; «Авторадио»; «Казахское радио») немесе теледидарды («Хабар»; «Казахстан»; «ОРТ Евразия»; «Астана»; «КТК»; «НТК» арналарын) қосыңыз және болуы мүмкін және болған төтенше жағдайлардың фактісі туралы ТЖД жедел кезекшісінің хабарламасын және іс-әрекет тәртібін тыңдаңыз. Естіген ақпаратыңызды көршіңізге жеткізіңіз, сонан соң тыңдаған тәртіп бойынша іс-әрекет етіңіз. Радиодан және теледидардан мәтін 3-5 рет 5 минутқа дейін қайталанады.
Хабарландырудағы мәтінді мұқият тыңдап, зақымдану аймағынан шығу маршрутын есте сақтап және әбігерленбей, тәртіппен тез әрекет ету керек.Үйден шығарда, құралдарды, жарық және жылу приборларын өшіріп, газды бекіту керек. Зақымданған аймақтан желдің бағытына тік (перпендикуляр) шығу (жел бүйіріңізден соғатын болсын, оң құлақ, не сол құлақ жағыңыздан) қажет. Хлор, аммиак иісін сезсеңіз тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды кию немесе суланған мақталы-дәкеден байлам тағу қажет.
Теле-радиодан хабар алуға техникалық мүмкіншілік болмаған жағдайда, өзіңізбен бірге ең қажетті заттарды алыңыз (жеке құжаттарыңыз, дәрі-дәрмек, 3 күнге жетерлік мөлшерде азық-түлік және су, ақша, киім, аяқ киім, жеке тазалық сақтау затттарын) және алдын ала ПИК төрағасынан, немесе аудандық әкімдіктен анықтап біліп алып, эвакуациялық жинақтау пункті ғимаратына келуіңіз керек.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Дұрыс және сауатты іс-әрекет ету Сіздің және Сіздің жақындарыңыздың өмірін сақтауға көмегін тигізеді.

Документы
Ақпарат
15 марта 2024
Тіршілікті қамтамасыз ету және ТКШ объектілеріндегі штаттан тыс жағдайлар кезінде, сондай-ақ қолайсыз ауарайы-климаттық жағдайлар және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралар жүргізілген жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың халықты құлақтандыру алгоритмі
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы