
Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №543 қаулысымен бекітілген Ережесіне сәйкес Қызылорда облысының ветеринария басқармасы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
Жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын жүргізеді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды және атрибуттарды тасымалдау ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді жүргізеді.