
«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) жастар саясаты, діни қызмет, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы қызметін қамтамасыз ету, волонтерлік қызмет, тілдерді дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру саласындағы функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Басқарма өз қызметінде қоғамдық-саяси тұрақтылықты, аймақтағы ұлттар бірлігін сақтауға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау, барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, діни қызмет, ақпараттық кеңістіктің бәсекелестігін арттыруды мақсат етеді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын, жаңа реформалар мен саясаты бойынша өңірде кең көлемді ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жүктелген.
Облыстың медиа кеңістігінде 132 бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс жасауда. Оның ішінде электронды 7, баспа БАҚ 117, телеарналар 2, интернет сайттар 6.
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны бүгінгі күні 1193-ті құрап отыр. Оның ішінде 454-і нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген. Аймағымызда 79 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген: -«AMANAT» партиясы – 44 254 мүше; «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы» – 10 131 мүше; «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» – 5040 мүше; «Қазақстанның халық партиясы» – 5456 мүше; «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» – 6000 мүше; «ADAL» саяси партиясы – 8252 мүше.
Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыстық ҚХА құрамында 11 этномәдени бірлестіктер, аудандарда 5 этнобағытталған үкіметтік емес ұйымдар және 8 қоғамдық құрылым жұмыс атқарады.
Облыста 7 конфессияға жататын 195 діни ұйым, оның ішінде 11 жергілікті христиандық діни бірлестік (Православие – 1, Евангельдік христиан-баптистері – 2,Елуіншілер шіркеуі – 5, Пресвитериандық шіркеуі – 2, Ехоба куәгерлері – 1), 184 филиал қызмет атқарады (Ислам – 180, Рим Католик – 1, Евангельдік христиан-баптистері – 2, Елуіншілер шіркеуі – 1).
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3) «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Рухани жаңғыру» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.