Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, қадағалауы және еңбек қатынастары

Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасының қызметінің негізгі бағыттары:

1) Сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізеді;

3) Объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асырады, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;

4) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асырады;

5) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдайды;

6) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттауды жүзеге асырады;

7) Жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

8) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттейді;

9) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес тексерулерді жүзеге асырады;

10) Жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолданады;

11) Техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жүзеге асырады;

12) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс
қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабының9-тармағына сәйкес техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін бақылауды қамтамасыз етеді;

13) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін, хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;

14)  Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, соның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

15) Жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттарға мониторингті жүзеге асырады;

16) Өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

17) Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;

18) Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;

19) Жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;

20) Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;

21) Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ақпараттық жүйе базасында кезеңдік есептерді, сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсынады;

22) Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;

23) Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбек  қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді;

24) Жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады;

25) Мемлекеттік орган болып табылмайтын ведомстволық бағыныстыоблыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларында (ережелерінде)Қызылорда облысы әкімдігінің атынан құрылтайшы ретінде әрекет етеді;

26) Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі және бақылау саласы
бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге
асырады;

26-1) Аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

 

 

Документы
Меморандум
19 мая 2026
Қызылорда қаласында 600 мың сақтау бiрлiгiне арналған Президенттiк кiтапхана салу жобасын iске асыру жөнiндегi ынтымақтастық туралы Меморандум
Жоба
12 мая 2026
Тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізбесін бекіту туралы
Жоба
06 марта 2026
«Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі № 112 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Новости
Полезные материалы
Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2026 жылдың III тоқсанындағы тексеру нәтижелері
Cәулет-құрылыс бақылау
Медиагалерея
1
«Тәтті мұң» онлайн-концерті
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
YouTube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы