
Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасына қарасты 14 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі мен 7 балалар жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Оның ішінде 6 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі мен 1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Қызылорда қаласында орналасса, қалған 8 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі мен 6 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі аудандарда орналасқан.
Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасына қарасты 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 олимпиадалық резерв даярлау орталығы, 1 мектеп-интернат колледжі, 2 спорт клубы (Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы және мүгедектерге арналған спорт клубы), 2 кәсіпорын («Қайсар» ойын түрлері бойынша спорт клубы, Мұз айдыны) және 1 «Қайсар» Қызылорда облыстық футбол клубы» ЖШС жұмыс істейді.