
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы қала құрылысы қызметінің дамуын, елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларының жүзеге асырылуы мен облыс аумағында қала құрылысы регламенттерінің сақталуы жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуді үйлестіру жөніндегі жұмыстарын жүргізеді.
Осыған сәйкес, Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жоспарланған нысандарға эскиздік жобалар әзірленді.
1.Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауында салынуы жоспарланған 5 қабатты тұрғын үй;
2.Қызылорда облысының кіреберіс шекарасының паспорты;
3.Қызылорда облысы Шиелі ауданы Байсын ауылдық округіндегі 250 орындық №207 мектеп;
4.Көпсалалы кешен ғимараты (өнер орталығы);
5.Неке сарайы;
6.Орталық стадион.