Жалпы ақпарат

Көпенов Айбек Мұратқалиұлы
Көпенов Айбек Мұратқалиұлы

Байғанин ауданының әкімі

Әкімдік туралы

Байғанин ауданы – 28 тамыз 1928 жыл құрылған, Ақтөбе облысының ауданы. Орналасқан аумағы – Ақтөбе облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік территориялық аумақ. Территориясы - 61,04 мың шаршы километр. Әкімшілік орталығы - Қарауылкелді ауылы. Байғанин ауданының территориясы солтүстігінде Темір, солтүстік-шығысында Мұғалжар, шығысында Шалқар аудандарымен, солтүстік-батысында Ақтөбе облысының Ойыл, Атырау облысының Қызылқоға, Жылой аудандарымен, оңтүстігінде Маңғыстау облысының Бейнеу ауданымен, Қарақалпақстанмен шекараласады. Аудан облыс территориясының 5/1, яғни 20,3%, ал республика территориясының 2,19% алып жатыр. Аудан әкімшілік-территориялық бөлінуі бойынша 9 ауылдық округқа бөлінеді. Ауылдық округтер: Қарауылкелді, Көлтабан, Ащы, Қопа, Сартоғай, Жарқамыс, Қызылбұлақ, Жаңажол, Миялы.

Байғанин ауданы әкімдігінің миссиясы: облыстың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру.

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты