
Байғанин аудандық ішкі саясат бөлімінің 2022 жылда атқарған жұмыстары
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру
2022 жылғы жоспарға сәйкес, «Туған жер» арнайы жобасы бойынша Байғанин ауданында 87 млн 710 мың теңгеге 44 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Туған жер» арнайы жобасының «Тәуелсіздікке тағзым» акциясы аясында 2022 жылдың қаңтар - наурыз айларында Байғанин ауданының жерлес-меценаттарының көмегімен барлығы 19 млн 823 мың теңгеге 14 жоба жүзеге асырылды.
Оның ішіндегі ірі жобаларға тоқталатын болсақ жеке кәсіпкерлер 3 млн теңгеге оңалту орталығына құрылғылар мен ойыншықтар алып берді.
Ауыл тұрғындары, жастар, жеке кәсіпкерлер жалғызбасты, көпбалалы анаға 4 млн 200 мың теңгеге 2 бөлмелі тұрғын үй алып берді. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасының мүгедек баласының еміне 1 млн 500 мың теңгеге ақшалай көмек көрсетті.
2022 жылдың сәуір-маусым айларында Байғанин ауданының жерлес-меценаттарының көмегімен барлығы 10 млн 613 мың теңге 16 жоба жүзеге асырылды.
Қарауылкелді ауылдық округіне қарасты елді-мекендерге қоқыс төгетін арнайы орын жасалынды. Демеушілік көрсеткен «Байғанин-Көлік» ЖШС. 1 600 мың теңгеге салынды.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. «Байғанин ауданын даму және қолдау қоры» ҚҚ демеушілігімен жасалынды.Жаңадан сaлынған ғимараттың аумағын көркейту жұмыстарына 1 400 мың теңге жұмсалды.
2002 жылы С.Жиенбаев атындағы орта мектепті бітірген 1985 жылғы түлектер өз ауылдарына келіп 20 жылдық кездесу кешін ұйымдастырды. Ауыл жастарына арнап воркаут алаңын ашуға 1 000 000 тг қаражат жұмсалған.
А.С.Пушкин атындағы мектебінің 1992 жылы бітіруші түлектер мектепке керекті құрал жабдықтармен мектепке теледидар алып берді. Алынған заттар құны 780 мың теңгені құрайды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс
Деструктивті діни ағымдағы және оған бейім азаматтармен түсінік жұмыстарын және шаралар ұйымдастыруға 4000,0 теңгеге лот жарияланды. Нәтижесінде жеңімпаз болып "Ихсан" қоғамдық бірлестігі анықталды. Қоғамдық бірлестік қазіргі таңда ай сайын техникалық ерекшелікте көрсетілген іс-шаралар бойынша өз жұмыстарын атқаруда. Жұмыстар жыл аяғына дейін жалғасатын болады. Жайдарман ойынынан аудан әкімінің кубогіне 500,0 теңге қаражатқа лот жарияланды. Жеңімпаз болып «Аңсар-Байғанин» ҚБ болып табылды. Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық туралы іс-шаралар 500,0 теңге қаражатқа конкурс жарияланған болатын. Облыстық ішкі саясат басқармасы бойынша да барлық аудандарға осы тақырыпта лот жарияланғандықтан қайтадан қаражат ауыспалы түрде келесі жылға қалдырылды.
Мемлекеттік рәміздер
Байғанин ауданы әкімі жанындағы аудандық мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкеc жыл ішінде 4 комиссия отырысын өткізу жоспарланып, қазіргі таңда оның 4-еуі өткізілді (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан). Аудан мекемелеріндегі рәміздердің орналасуын бақылау бойынша комиссия мүшелері жыл басынан бері 13 рет мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Ақпараттық саясат мәселелері туралы анықтама
@Baiganin_akparat инста парақшасында қазіргі таңда 11К оқырман бар. Жарияланым саны 12,1К құрап отыр.@Baiganin_akparat инста парақшасында «Байғанин ауданының әкімдігі» фейсбук парақшасында және аудандық, облыстық газеттерде атқарылған шаралар туралы тұрақты жарияланып келеді. Жыл басынан бері облыстықбасылымдарда ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалына байланысты «Ақтөбе» газетінде 29 мақала, облыстық «Актюбинский вестник» газетіне 19 мақала жарық көрді.
Он айында @Baiganin_akparat инста парақшасында 60 рет тікелей эфир өткізілді. Тікелей эфирге жыл басында бөлім басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары және де мекеме басшылары байланысқа шықты. Тікелей эфирлер барысында аудан тұрғындарынан түскен сұрақтардың барлығына толық жауап берілді. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ресми инста, фейсбук парақшаларының дайректіне және комментарийлер арқылы келіп түскен сұрақтарға уақытылы жауаптар берілуде.