
Байғанин аудандық білім бөлімі
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары
Байғанин ауданында 12 мемлекеттік, 4 жеке мектепке дейінгі ұйым (контингенті -1039), 14 шағын орталық (контингенті -213) жұмыс атқаруда, аудан бойынша барлығы 1252 бала.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтудың жалпы деңгейі 83,2%, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100% құрайды.
Мектепке дейінгі мекемедегі педагогтер саны – 164
Жалпы білім беретін мектептер
Жалпы білім беретін 22 мектеп бар (20 орта, 2 негізгі), 22 мектеп мемлекеттік тілде.
Контингент – 4738
2020-2021 оқу жылымен (4650) салыстырғанда, контингент 88 оқушыға көбейді.
1 сынып –533
4 сынып – 500
9 сынып – 391
11 сынып – 258
1039 – мектепке дейінгі тәрбиеленушілер, 5-6 жастағы балалар (0)
Байғанин ауданында 2022-2023 оқу жылында үш ауысымда оқитын мектептер жоқ.
Мектептерде 924 мұғалім жұмыс жасайды (оның ішінде 924 мұғалім тәрбие жұмыстарын жүргізеді)
Жалпыға бірдей білім беру қорынан 1 балаға 37389 теңге көлемінде қаралып, 896 оқушыға 10638 теңгеге мектеп сумкасымен оқу-құралдары алынып берілді.
Барлық мектептер бейне бақылау камераларымен толық қамтылды.