
Ауданның мәдениет мекемелері жоғарғы құзырлы мемлекеттік органдар – аудан әкімдігінің, облыстық мәдениет басқармаларының қаулыларын, өкімдерін бұйрықтарын жүзеге асырып орындау барысында Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тіл туралы» және «Жастар жылы», «Мәдени мұра», «Тілдерді дамыту», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын, Қ.Р Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауын және еліміздегі маңызды оқиғалар мен атаулы күндерге байланысты жылға жасалған жұмыс жоспарларын басшылыққа алып жұмыс жасайды.
Клуб мекемелері бойынша
Қазіргі таңда аудан тұрғындарына 16 клуб мекемесі, «Халықтық», «Үлгілі» атақтары бар 8 ұжым мәдени қызмет көрсетеді. Оның ішінде 1 аудандық мәдениет үйі, 3 ауылдық мәдениет үйі (Алтай, Оймауыт, Жарқамыс), 12 ауылдық клуб үйлері. Аталған клуб үйлерінде 84 жұмысшы-қызметкерлер жұмыс жасайды.
Аудандық мәдениет үйі және оған қарасты мәдениет мекемелерінде өткен жылы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі және «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» атты Жолдауын ақпараттық түсіндіру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және есепті кезеңде аталып өтілетін қазақтың танымал тұлғалары ЮНЕСКО көлемінде тойланатын қазақтың рухани көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы, КСРО халық әртісі, әнші Роза Бағланованың 100 жылдығы, қазақтың танымал ақындары Мұқағали Мақатаевтың, Төлеген Айбергеновтың, Сәбит Баймолдиннің, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының 80 жылдығы мерейтойларымен қоса мемлекеттік мерекелер аясында көптеген мәдени іс-шаралар өтті.
Ауданда «Халықтық» және «Үлгілі» атақтары бар сегіз ұжым бар. Олар: Оймауыт халық театры, Қазанғап атындағы халық аспаптар оркестрі, «Ақтілекті» әжелер халықтық ансамблі, «Шаттық» үлгілі би ұжымы, «Ақниет» отбасылық халықтық ансамблі, «Шапағат» үлгілі би ұжымы, «Гүлдәурен» үлгілі би ұжымы және «Ақпейілді» әжелер халықтық ансамблдері. Аудандық мәдениет үйі мен оағн қарасты барлық клубтарда 1043 адам қатысатын 112 үйірме жұмыс жасайды.
Аудан бойынша барлық клуб мекемелерінде 2022 жылы өткізілген мәдени шаралар саны- 709, қамтылғандар саны -101 432 адам.
Кітапхана саласы бойынша
Кітапхана мәңгілік парасаттың киелі ғимараты. Кітапханашылар сол рухани қазынаның шырақшысы, әрі ақыл-ой әлеміне жол сілтеуші. Кітап – адамзат ақыл ойының қоймасы ғана емес, миының қатпарында ұйықтап жатқан санаңды, ұлттық рухты, генетикалық кодты түртіп оятатын қуат.
Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша 22 кітапхана, оның ішінде 1 аудандық, 2 балалар, 19 ауылдық кітапхана, оның ішінде 8 модельді ауыл кітапханалары аудан тұрғындарына рухани-мәдени қызмет көрсетеді.
Аудан кітапханаларының кітап қоры 252841 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 177452 дана, 2022 жыл ішінде 4112 дана кітаппен толықты.
Жыл ішінде кітапханаларға 14857 оқырман тартылып, 322957 дана кітап берілімімен қамтылды.
Аудан кітапханаларында оқырмандардың күнделікті ақпараттық сұранымын қанағаттандыруда 2022 жылы 38 аталымда (бағасы 2 096094,80) мерзімді басылымдарға, 2023 жылы 41 аталымға (бағасы 2 185000) жазылды.
Кітапхана жүйесінің РАБИС электронды каталог қоры 194982 жазбаны құрайды. Оның ішінде 164822 кітап, 29460 мақала. Интернет пайдаланушылар саны 76070.
Тілдерді дамыту біздің негізгі бағытымыздың бірі
Ана тілімізді дәріптеу ұлт қаны ағып тұрған әр қазақтың қасиетті парызы.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде сәуір-қыркүйек айлары аралығында «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» аудандық тіл фестивалі өткізіледі. Аталмыш фестивальге өткен жылы аудандық бюджеттен 90,0 мың теңге қаралды.
Ономастика саласындағы жұмыстар
Аудан бойынша қазіргі таңда 9 ауылдық округ, 23 елді мекен, 150-ге жуық көшелер, 22 жалпы орта білім беретін мектептер, аудан орталығында Байғанин техникалық колледжі, Б.Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебі, Балалар спорт мектебі, Батырлар саябағы, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атындағы саябақ бар.
2017 жылы аудан орталығы Қарауылкелді ауылындағы Жаңа құрылыс-1, Жаңа құрылыс-2 көшелеріне Сәнше Есенбаева мен Қания Хайруллинаның есімдері берілді.
Жалпы, Байғанин ауданында идеологиялық тұрғыдан ескірген, мән-мағынасыз қойылған және белгісіз тұлғалардың есімімен аталған көшелер, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен объектілер жоқ.
Ағымдағы жылы өңірімізден шыққан белгілі жазушы, ауданның құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті қаламгер Қажығали Мұқанбетқалиұлының 80 жылдығына орай аудан орталығындағы №4 Қарауылкелді мектеп гимназиясына есімі берілді.
Аудан мәдениет мекемелерінде ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстар
«Ұлттық дәстүр ұлағаты» - Фольклорлық әуесқой ансамбльдердің Республикалық фестивалі
«Елім менің»- Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күніне арналған облыстық патриоттық әндер байқауы.
«Күміс қалам» - Көрнекті қазақ ақыны , «Құрмет»орденінің иегері Өтежан Нұрғалиевтың 85 жылдығына арналған облыстық жазба ақындар мүшайрасы
«Ақбаян» Айсан Тәжібаева атындағы облыстық халық әндерін орындаушылар байқауы
Ақтан Керейұлы атындағы «Ақпа жырдың Ақтаны» термешілер байқауы
Қ.Р Құрмет Грамотасының иегері , композитор – сазгер жерлесіміз ҚР – ның мәдениет саласының үздігі , Орал Қосай Байсеңгірдің шығармаларын орындаушылардың «Жем – Сағыздың ән самалы» атты аймақтық ән байқауын өткізу жоспарлануда.