
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Қағидаға сәйкес, облыс әкімінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі №305 «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының штат санынның лимиттерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысы негізінде қыркүйек айыннан бастап ішкі бақылау жүргізу тоқтатылды.
Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі өтіп кетпеуі үшін үнемі мониторинг жүргізіліп отырады.
2022 жылдың қорытындысы Байғанин ауданы бойынша 60 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіліп келеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында:
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңды себептермен яғни, толық емес құжаттар немесе қате толтырылған құжаттардың электронды түрде – 368 бас тартулар болды. Олар:
Сонымен қатар, рұқсат етуші құжаттар (РД) бойынша барлық бас тартулар – 131 қызмет.
2022 жыл бойынша негізсіз бас тартулар болмады.
Аудан бойынша «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» және «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімдерінен яғни, 2 мемлекеттік мекемеден мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кешіктіру бойынша фактілер айқындалып, бұзушылықтарды жою бойынша жауапты мамандарға ескертулер берілді.
Осы жыл бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағымдар түспеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары: мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 23 семинар-кеңестер, тікелей эфирлер, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың барлығы инстаграм желілеріне (baiganin_akparat) және аудандық сайтқа жарияланды.