Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Көлік инфрақұрылымы

«Байғанин аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын, жергілікті автомобиль жолдарын, инженерлік жүйелерді дамытуды, елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыру.

Көлік  инфрақұрылымы

Аудан бойынша жалпы ұзындығы 517,8 шақырым құрайтын автомобиль жолдары бар. Оның ішінде республикалық маңызы бар -125 шақырым жол болса, қалған -392,8 шақырымы жергілікті маңызы бар жол болып саналады.

Қазіргі таңда жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайының үлесі  56,3 % құрайды.

2021 жылы  жергілікті маңызы бар «Қарауылкелді-Жарқамыс» 20-35 км (жалпы сомасы -473,0 млн тенге) автомобиль жолын 2022 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді.

Сонымен қатар «Қарауылкелді-Алтай батыр-Миялы-Оймауыт» бағытындағы 0-31 км автомобиль жолына (жалпы сомасы -919,1 млн тенге) орташа жөндеу жұмыстарына ұлттық қордан және облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, жұмыстары басталып ауыспалы кезеңмен 2023 жылы аяқталатын болады.

Ағымдағы жылға аудан бойынша жергілікті маңызы бар «Қарауылкелді-Жарқамыс» 35-50 км бағытындағы  автомобиль жолына республикалық  және облыстық бюджеттен 275,4 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Қарауылкелді-Жарқамыс бағытындағы 50-58, 58-66 км учаскесіне ЖСҚ әзірленіп, 2021 жылы  сараптама қорытындысы алынды. 2023 жылға облыстық бюджеттен 908 772,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алудың веб  порталына хабарландыру жарияланды.

Кемерши ауылына кіре беріс жолдың 0-28 км учаскесіне орташа жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. 2023 жылға облыстық бюджеттен 549 289,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алудың веб  порталына хабарландыру жарияланды.  Ебейті ауылына кіреберіс 0-15, 15-23, 23-31 км автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды..

Сонымен қатар «Қарауылкелді-Алтай батыр-Миялы-Оймауыт» бағытындағы жергілікті маңызы бар 143-157 км, 157-171,3 км автомобиль жолына техникалық құжаттама әзірлеуге аудандық бюджеттен 1 200,0 мың теңге бөлінді. Техникалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысын 2022 жылы алынды.

2021 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Жарлы ауылы Қ.Боқанов көшесіндегі автомобиль жолының құрылысына облыстық және республикалық бюджеттен  128 975,0 мың теңге бөлініп, 2022 жылы пайдалануға берілді.

Ноғайты ауылы Бейбітшілік  көшесіндегі автомобиль жолының құрылысына облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, бір көзден сатып алу тәсілімен «Атыраукөлік» ЖШС жеңімпаз болып анықталып, құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

2023 жылға облыстық бюджеттен С.Бәйішев (109,4 млн тенге)  және Қ.Жазықов (74,5 млн тенге)  көшесіндегі автомобиль жолының құрылысына облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталына «хабарландыру жарияланды.

2023 жылға Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы Барақ батыр көшесіндегі автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыс жобасына облыстық бюджеттен 251 620,0 мың теңге, Байғанин ауданы Кемерши ауылы Орталық көшесіндегі автомобиль жолының құрылысына республикалық бюджеттен 240 363,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алудың веб порталына хабарландыру жарияланды.  

Сонымен қатар Солтүстік-3 және Бармақ батыр көшесіндегі жаяу жүргіншілер (тротуар) жолына және Қарауылкелді-Жарқамыс бағытындағы автомобиль жолының кіреберісәне арка орнатуға аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, жеңімпаз анықталды. Қазіргі таңда келісім-шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде.  

2022 жылы Қарауылкелді ауылындағы ауылішілік «Т.Жармағанбетов көшесінен Ақтөбе-Атырау тас жолына дейін» және «Қ.Жазықов көшесінен Ә.Молдағұлова, Солтүстік-3 көшесінен Теміржол-1 көшесіне дейін», «Т.Жармағанбетов көшесінен М.Ержаев көшесіне дейінгі» автомобиль жолының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 5 500,0 мың теңге бөлініп ЖСҚ әзірленді.  Сараптама қорытындысы  2022 жылы алынды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Байғанин аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы