
Қазіргі уақытта Байғанин ауданының конфессиялық саласы мұсылман діни бірлестігімен ұсынылған.
Ауданда діни жағдай тұрақты, тыныш, қолайлы деп сипатталады. Діни нысандар бойынша 4 мешіт бар. (Аудандық орталық мешіт, Ермағанбет ишан атындағы мешіт, Жарлы ауылдық мешіті, Жарқамыс ауылдық мешіті).
Дін саласы
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында қаңтар-қараша айлары бойынша төмендегі ретте жұмыстар атқарылды. Осы айлар бойынша 4500-ге жуық адамның қамтылуымен 45 мәрте тікелей эфир (baiganin_din, baiganinmeshiti инстаграм парақшасында) өткізілді.Халықтың мақсатты топтарымен 128 жалпы кездесуде 3000 -ға жуық адам қамтылды. ДДА мүшелерімен 132 мәрте жеке кездесу өткізілді.Аудандық Жем-Сағыз газетіне 15 мақала жарияланса, әлеуметтік желілерде барлығы қаңтар-қараша айы бойынша 1822 (қараша айы бойынша 201) материал жарияланды. Қазіргі уақытта Инстаграм парақшасында барлығы 4082 ақпарат орналастырылды, 2393 адам тіркеліп материалдармен тансуда; Фб әлеуметтік желісінде 982 ақпарат орналастырылып 1264 адам тіркеліп материалдармен тансуда; Вк әлеуметтік желісінде 975 ақпарат жарияланып 605 адам тіркеліп материалдармен танысып қарауда,жыл басынан бері ауданымызға 10 облыстық,2 республикалық теолог келді.22 топтық шара (15 ер,7 әйел), спорттық 35 (23 ер,12 әйел), уағыз шай 8, экускурсия 2 (ер 1, әйел 1) барлығы қамтылған ДДА саны 26.