Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Құрылыс

«Байғанин аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ бойынша 2022 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары және 2023 жылға қойылған міндеттері туралы

Тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша ағымдағы қаржы жылында 2020 жылы құрылысы басталған Қарауылкелді ауылы, Аэропорт көшесі №83 екі қабатты 16-пәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 145 097,0 мың теңге (жалпы құны 175 646,1 мың теңге) қаражат қаралды. Сондай-ақ, осы тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілерінің құрылысына облыстық бюджет қаражаты есебінен 17 732,0 мың теңге қаражат қаралып отыр (Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігерлердің құрылыс жұмыстарын уақытылы жүргізбеуіне байланысты, жыл соңына дейін нысан пайдалануға берілмей қалып отыр. Сол себепті ағымдағы жылдың 01 желтоқсаны күні сыртқы инженерлік желілерінің құрылысын жүргізуші мердігер «ГЕМАКАСЕС» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арыз сотқа жолданды. Сондай-ақ, 2022 жылдың 14 желтоқсанына дейін тұрғын үйдің құрылысын жүргізуші мердігер «Design School» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіндік).

Сонымен қатар, Қарауылкелді ауылы, Аэропорт көшесі №86 екі қабатты 16-пәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйдің құрылысына және сыртқы инженерлік желілерінің құрылысына ағымдағы жылы аудандық бюджет қаражат есебінен 10,0 мың теңге қаралып, мердігері анықталды. Негізгі жұмыстар алдағы жылы жүзеге асырылатын болады (Қазіргі таңда тұрғын алуға мұқтаж азаматтардың тізімінде 270 адам тіркелген. Тұрғын үй кезектілігін азайту үшін үйлерді салуды қажет етеді).

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы орындарында инфрақұрылым салу жұмыстарына сәйкес ағымдағы жылы Қарауылкелді ауылында Жаңа құрылыс-1 көшесін газдандыру жұмыстарына республикалық бюджеттен 85 340,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 9 840,0 мың теңге бөлініп, жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ аталған көшеге сумен қамту жұмыстарына облыстық бюджеттен 7 607,0 мың теңге қаралып отыр. Қалған 65,0 млн.теңге қаражаты алдағы жылы республикалық бюджеттен берілетін болады.

Қарауылкелді ауылы Болашақ тұрғын массивіндегі 692 жер учаскесіне электр желілерінің құрылысын жүргізу үшін Республикалық бюджеттен 401 358,9 мың теңге және облыстық бюджеттен 1 000,0 мың теңгеге өткен жылы жұмыстар атқарылды. Нысанның жалпы құны – 445 954,280 мың теңге. Аталған нысанға қажетті 43 595,4 мың теңге қаражат облыстық бюджеттен бөлініп, қазіргі уақытта 12 538,8 мың теңге қаражаты игеріліп отыр.

Ойыл ауылына жеткізуші магистралды газ құбырын көшіруге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 5 457,0 мың теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда жобалаушы ұйым анықталып, жобалауға қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары атқарылуда (Заң талаптарына сәйкес магистральды газ құбырының 100 метр аумағы қорғалуға жатады және ешқандай құрылыс нысандары болмауы қажет. Бұл газ құбыры Болашақ тұрғын массивінен өтіп жатыр. Қазіргі уақытта газ құбырының қорғалу аймағында орналасқан жеке тұрғын үй құрылысы үшін 381 жер учаскесі және әлеуметтік нысандар үшін 5 жер учаскесі пайдаға жарамсыз болып отыр. Сол себепті газ құбырын ауылдың сыртына көшіру, яғни елді мекеннен тысқары орналастыру жоспарда бар).

Мәдениет нысандарын дамыту бағдарламасы бойынша көгілдір отын тартылған елді мекендердегі ауылдық клуб үйлерін газбен қамтамасыз ету мақсатында Көлтабан ауылдық округі Жарлы ауылының клубын (3 630,0 мың теңге), Ащы ауылдық округі Ноғайты ауылының клубын (18 073,0 мың теңге), Қызылбұлақ ауылдық округі Кемерши ауылының клубын (2 865,0 мың теңге) газ желісіне қосуға 24 568,0 мың теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылды. Қазіргі таңда аталған клуб үйлері толықтай көгілдір отын арқылы жылытылуда.

Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту бағдарламасы бойынша Жарлы ауылындағы әкімшілік ғимараттың құрылысы аудандық бюджеттен 51 224,0 мың теңгеге (жалпы құны 93 409,7 мың теңге) атқарылды.

Сондай-ақ, Қарауылкелді ауылындағы ІІ үлгідегі автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының кешенін салуға жобалау-сметалық құжаттамасын жасауға жергілікті бюджеттен 5 000,0 мың теңге қаражат бөлінді (Қарауылкелді ауылындағы өрт сөндіру бөлімінің ғимараты 1964 жылы салынған және тозығы жетіп апаттық жағдайда тұр. Талапқа сай болмауына байланысты қызметкерлер толыққанды оқу-жаттығуларын өткізе алмауда, бөлменің аздығынан қызметкерлері топтасып бір бөлмеде жұмыс жасауға мәжбүр және өрт сөндіру техникаларын орналастыратын гараждың аздық етуіне байланысты ғимараттың сыртына қойып отыр).

2023 жылға жоспарға сәйкес атқарылатын жұмыстардың тізімі төмендегідей ретте:

  • Қарауылкелді ауылындағы Жаңақұрылыс-1 көшесіне сумен қамту жұмыстарын жүргізу үшін 2023 жылға республикалық бюджеттен 68 462,0 мың теңге қаралып, қазіргі уақытта мердігері «Компания «АрАй-НС» ЖШС анықталды. Жұмыстар жаз айларында толықтай аяқталатын болады;
  • Қарауылкелді ауылындағы Болашақ тұрғын алабын сумен қамтуға ағымдағы жылға республикалық бюджеттен 338 911,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 37 657,0 мың теңге қаралып, қазіргі уақытта мердігері «Life Stroy Invest» ЖШС анықталды;
  • Қарауылкелді ауылындағы Болашақ тұрғын алабын газбен қамтамасыз ету жұмыстарына осы жылға республикалық бюджеттен 265 075,0 мың теңге және облыстық бюджеттен 29 453,0 мың теңге қаралып отыр. Қазіргі кезде мердігер мекеме болып «Компания «АрАй-НС» ЖШС анықталды;
  • Қарауылкелді ауылы, Аэропорт көшесі, №86 мекен-жайы бойынша екі қабатты 16-пәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 193 638,0 мың теңге қаражат бөлініп, мердігері «АймарСтройСервис» ЖШС анықталып отыр (Қазіргі таңда тұрғын алуға мұқтаж азаматтардың тізімінде 250 адам тіркелген. Тұрғын үй кезектілігін азайту үшін үйлерді салуды қажет етеді).
  • Қарауылкелді ауылы, Аэропорт көшесі, №86 мекен-жайы бойынша екі қабатты 16-пәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілерінің құрылысына қажетті 27 331,0 мың теңге қаражат облыстық бюджеттен бөлініп, «Теплоэнергострой» ЖШС арқылы жұмыстар атқарылатын болады;
  • Көлтабан ауылдық округі, Жарлы ауылында әкімшілік ғимаратты салу құрылысына 2022 жылы жергілікті бюджеттен 51 224,0 мың теңге қаражат бөлініп, «Стронеф» ЖШС мердігері арқылы жұмыстары атқарылды. Нысанның құрылысын толық аяқтау үшін қосымша 42 186,0 мың теңге қаражатқа жұмыстары толықтай аяқталатын болады (Жарлы балалар бақшасының ғимараты 1986 жылы салынған және тозығы жетіп апаттық жағдайда болуына байланысты әкімшілік ғимараты бала бақшаға берілді. Сол себепті жаңа ғимарат қажет етіледі);
  • Қарауылкелді ауылындағы Бармақ батыр көшесі №132 "Б" шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңының құрылысын бастауға 5 000,0 мың теңге бөлініп, мердігері "СК NEW CITY" ЖШС анықталды. Құрылысты аяқтауға қосымша 46 195,1 мың теңге қажет етіледі;
  • Қарауылкелді ауылындағы Асау батыр, Барақ батыр және Қазақстан көшелерін (аудандық орталық ауруханадан темір жол вокзалына дейін) жарықтандыру құрылысын бастауға 44 235,0 мың теңге бөлініп, мердігері "Энергохолдинг LTD" ЖШС анықталды. Құрылысты аяқтауға қосымша 44 883,0 мың теңге қажет етіледі;
  • Қарауылкелді аулы Болашақ тұрғын массивіндегі электр желілерінің құрылысына 31 056,0 мың теңге қаралып, "Энергохолдинг LTD" ЖШС арқылы аяқтау жоспарда бар.

Сондай-ақ, бұл жобалардан басқа 547 553,274 мың теңгеге қаржыландыруды қажет ететін 7 жоба дайын. Осы жобаларды қаржыландыру мақсатында облыс әкімдігіне бюджеттік өтінім тапсырылды. Алдағы уақытта қосымша бұдан өзге де жобаларды жүзеге асыру мақсатында Байғанин ауданының 2022-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспарына сәйкес тиісті деңгейде жұмыстар атқарылатын болады.

Документы
Жоспар
15 марта 2021
«Байғанин аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ
Бас жоспар және ЕТЖЖ Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Кемерши ауылы құрылыстың нобайы
Жоспар
12 марта 2021
«Байғанин аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округінің Бұлақтыкөл ауылының бас жоспары және егжей-тегжейлі жоспары құрылыс нобайы
Жоспар
12 марта 2021
«Байғанин аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округінің Жаңатаң ауылының бас жоспары және егжей-тегжейлі жоспары құрылыс нобайы
Новости
Полезные материалы
Тізім
Оймауыт ауылының жеңілдетілген бас жоспары
Миялы ауылының жеңілдетілген бас жоспары
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Байғанин аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы