Аудан бюджетінің 2022 жылғы орындалуы
Кіріс бөлігі
Аудан бюджетінің кіріс бөлігінің 2022 жылғы жоспары 4 986 509,0 мың теңге, орындалуы 4 535 254,5 мың теңге немесе 91 % (айырмасы – 451 254,5 мың теңгеге кем орындалды).
Анықтама: 2021 жылғы нақты түсімімен салыстырғанда 94,1% немесе 286 629,4 мың теңгеге кем орындалды (01.01.2022 жылы нақты түскені – 4 821 883,9 мың теңге). Өсу қарқының орындалмау себебі заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан 2022 ж тапсырған декларациялары бойынша мүлік құндарының азаюынан.
Шығыс бөлігі
Бюджеттің шығыс бөлігінің 2022 жылғы жоспары 8 727 225,2 мың теңгеге нақтыланып, 7 778 643,0 мың теңгеге немесе 89,1 % орындалды (948 582,2 мың теңге қалдық қалды). Оның ішінде:
- Субвенцияның жоспары 548 000,0 мың теңге, игерілгені 548 000,0 мың теңге немесе 100%.
- Ұлттық қордан бөлінген трансферттер бойынша жоспар 85 340,0 мың теңге, орындалуы 80 985,9 мың теңге немесе 94, % (айырмасы 4 354,1м.т., Қарауылкелді ауылындағы Жаңақұрылыс-1 көшесін газбен қамту құрылысынан үнемделген қаржы).
- Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферттер бойынша жоспар 1 152 516,0 мың теңге, орындалуы 1 017 710,7 мың теңге немесе 88,3 % (айырмасы 134 805,3 м.т., оның 79 054,1 м.т. – Баршақұм ауылындағы сумен қамту нысандарының құрылысынан жұмыстардың баяу жүргізілуінен; 55 749,8 м.т. – жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін гранттардан өтініштердің қабылданбауынан; 1,4 м.т. - дөңгелектеуден қалған қалдық).
- Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер бойынша жоспар 215 746,2 мың теңге, орындалуы 215 743,4 мың теңге немесе 100% (айырмасы 2,8 м.т. - дөңгелектеуден қалған қалдық).
- Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер бойынша жоспар 1 079 012,1 мың теңге, орындалуы 836 966,5 мың теңге немесе 77,6% (айырмасы 242 045,6 м.т., оның 16 588,1 м.т. – Ноғайты ауылындағы Бейбітшілік көшесіндегі автомобиль жолының құрылысынан, 34 837,0 м.т. – Алтай батыр ауылын сумен қамту нысандарының құрылысынан; 45 613,0 м.т. – Қарауылкелді ауылындағы екі қабатты 16-пәтерлі жалдамалы коммуналдық үйлердің құрылысынан жұмыстардың баяу жүргізілуінен; 7,5 м.т. ұсақ шығындардан).
- Аудандық бюджеттің жоспары 5 646 610,9 мың теңге, орындалуы 5 079 236,4 мың теңге немесе 90% (айырмасы 567 374,5 м.т., оның 567 000,0 м.т. - Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерден заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан 2022 ж. тапсырған декларациялары бойынша мүлік құндарының азаюынан; 330,4 м.т. - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі газ жүйелерін қолдануды ұйымдастырудан мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы; 44,1 м.т. - дөңгелектеуден қалған қалдық).
IV деңгейлі бюджеттің кіріс бөлігі
4 деңгейлі бюджеттің 2022 жылға 61 046,5 мың теңгеге жоспарланған кіріс түсімдері толығымен орындалып, 129% құрады. (Нақты түскені 78 750,3 мың теңге, айырмасы 17 703,8 м.т.).
Шығыс бөлігі
4 деңгейлі бюджеттің шығыс бөлігінің 2022 жылға жоспары 452 327,1 мың теңге болып нақтыланып, 450 182,1 мың теңгеге немесе 99,5% орындалды (айырмасы 2 145,0 мың теңге, оның ішінде Қарауылкелді ауылдық округінен – 8,5 м.т; Көлтабан ауылдық округінен – 0,8 м.т., Қызылбұлақ ауылдық округінен – 0,5 м.т., Жарқамыс ауылдық округінен – 0,7 м.т., Ащы ауылдық округінен – 1,4 м.т., Жаңажол ауылдық округінен – 0,8 м.т., Миялы ауылдық округінен – 1,0 м.т., Сартоғай ауылдық округінен – 2,3 м.т., Қопа ауылдық округінен – 2 128,9 м.т., оның 2 128 м.т. - өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асырудан жұмыстардың баяу жүргізілуінен.)