
Жұмыспен қамту
Өңірде халықтың әл-ауқатын көтеру және жұмыссыздықты азайту – өзекті мәселе болып табылады.
Жұмыспен қамту деңгейін өсірмеу мақсатында және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп, 2022 жылы 1837 жұмыс орындары құрылды, о.і. тұрақты жұмыс орны 547 бірлік (33,5%).
Жұмыспен қамту деңгейін арттырып, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартып, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасының» іске асырылуы оң әсерін тигізуде.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
- Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 45 адам қамтылды. (тракторист-25, повор-кондитер-18, шаштараз-2), мамандықтары бойынша оқуды аяқтап 2 адам адамның 932 адамы тұрақты жұмысқа орналасты (99%) (2023 жоспар-55 адам);
- «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 227 адам;
- Бизнес идеяларын іске асыруға 54 адамға қайтарымсыз грант берілді. (2023 жоспар-156 адам);
- жұмыс берушілердегі бос жұмыс орындарына-1545 адам жоспарланып, 1763 адам орналасты. (2023 жоспар-1610 адам);
- әлеуметтік жұмыс орындарына 74 адам; (2023жоспар – 71 адам);
- қоғамдық жұмыстарға 908 адам жұмысқа жолданды (2023 жоспар – 610 адам);
-жастар бағдарламасына 107 адам жұмысқа жолданды (2023жоспар-190)
Халықты жұмыспен қамтудың тағы бір тиімді тетігі - «Ұрпақтар келісім-шарты», «Күміс жас», «Алғашқы жұмыс орындары» жобалары болып табылады. Оның ішінде «Ұрпақтар келісім-шарты» - 6 адам (2023жоспар-7адам); «Алғашқы жұмыс орындары»-7 адамға орындалды. (2023 жоспар-15 адам);
Сонымен қатар, 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруда «Күміс жас» жобасымен 14 адам жолданды. (2023 жоспар-51 адам);
Өткен жылы Ұлттық жобаларды жүзеге асыру аясында 398 бірлік жұмыс орындарын құру жоспарланып, нәтижесінде 398 жұмыссыз азаматтар жұмысқа орналастырылды (100%).
Ал 2023 жылға Ұлттық жобалар шеңберінде 209 бірлік жұмыс орындары құру жоспарланып отыр.
Жыл бойына атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрайды.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету - мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып, бұл санаттағы азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жүйелі және нақты жұмыстар жүргізілуде.
Анықтама: 2023 жылдың 1 қаңтарына облыста 570 мүгедектіктері бар азаматтар тұрады, о. І. балалар – 90 (І – 53, ІІ - 190, ІІІ – 237)
Биылғы жылға мүгедектіктері бар азаматтарды қолдау үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 59,2 млн. теңгеге жуық қаражат қаралды.
Әлеуметтік қызметтер порталы 2021 жылдан іске қосылып, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қажетті қызметтері мен құралдарының 55 түрін еркін таңдау құқығы бойынша 187 қызмет көрсету аймағында алуда, яғни өткен жылы әлеуметтік қызмет порталы арқылы 337 (95,2%) адам техникалық оңалту құралдарымен және санаторлы-курорттық сауықтыру қызметімен қамтамасыз етілді (қажеттілік 354 адам).
протездік-ортопедиялық көмек бойынша 86 адамды қамту талап етіліп, 79 адамы қамтылған. Орындалуы 72,6% (облыстық көрсеткіш 79,0%);
сурдологиялық көмек бойынша 12 адамды қамту талап етіліп, 12 адамы қамтылған. Орындалуы 100% (облыстық көрсеткіш 90,1%);
тифлотехникалық құралдар бойынша 26 адамды қамту талап етіліп, 26 адамы қамтылған. Орындалуы 100% (облыстық көрсеткіш 91,8%);
кресло-коляска бойынша 14 адамды қамту талап етіліп, 14 адамы қамтылған. Орындалуы 100%; (облыстық көрсеткіш 82,3%);
санаторлы-курорттық емдеу бойынша 68 адамды қамту талап етіліп, 62 адамы қамтылған. Орындалуы 91,18 (облыстық көрсеткіш 78,8%);
міндетті гигиеналық құралдар бойынша 108 адамды қамту талап етіліп, 106 адамы қамтылған. Орындалуы 98,15%; (облыстық көрсеткіш 92,5%).
Ағымдағы жылы орын алған кемшіліктерді болдырмау шараларын қабылдап, а.ж. осы санаттағы азаматтарды қажетті техникалық оңалту құралдарымен уақытылы сапалы қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Ауданда 1 арнайы көлігі бар, «Инватакси" қызметі ұйымдастырылып, 33 мүгедектіктері бар азаматтарға қызмет көрсетілді. Сонымен қатар 34 бірінші топ мүгедегіне жеке көмекші қызметтері көрсетіледі.
Ағымдағы жылы «Белсенді ұзақ өмір сүру» жобасында егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында орталық ашу жоспарланып, жергілікті бюджеттен 30 адамға 17823,0 млн теңге қаражат қаралды.
Жұмыспен қамту мәселесі бойынша жұмыспен қамту органдарының ықпалымен биылғы жылы 1659 мүгедектіктері бар азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтамасыз етілді.
Көру органдары жүйесі бұзылған мүгедектігі бар азаматтар үшін 1 арнайы жұмыс орындарына жергілікті бюджеттен 346,0 млн. теңге жұмсалды.
Алдағы уақытта да мүгедектігі бар азаматтарды техникалық оңалту құралдарын уақытылы, сапалы алу жұмыстарын ұйымдастыру және мүгедектігі бар азаматтарды қолдау жұмыстары жалғасын табатын болады.
Пробация қызметі бойынша
2022 жылы 7 адам тіркелді, оның ішінде 2 адам газ операторы мамандығымен жұмысқа орналасты, Қоғамдық жұмысқа 2 адам жолданды. әлеуметтік жұмыс орынымен 1 адам қамтылды, 1 адам мамандығы бойынша жұмыс іздеуші есебінде, 1 адам қайтарымсыз негізде грант алып өз ісін бастады.
Жазасын өтеп келгендер санатынан 2022 жылы 4 адам. Олардың ішінде 2 адам қоғамдық жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмыс орынына, 1 адам вахталық жұмысқа орналасты.
Жұмыспен қамту мәселесі бойынша жұмыспен қамту органдарының ықпалымен биылғы жылы 69 мүгедектіктері бар азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтамасыз етілді.
Электрндық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы «egov» порталына жұмыс іздеуші ретинде тіркелу қажет, тіркелгеннен соң 3 жұмыс күннен кейін жұмыссыз мәртебесі беріледі және ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама беріледі
Жұмыспен қамту орталығы 35% бюджеттен субсидия ретінде төлейтін болғандықтан зейнетақыны жұмыс беруші төлейді.
egov.kz порталы арқылы электронды цифрлық қолтаңбаңызды қоя отырып тапсыра аласыз