Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Денсаулық сақтау

Байғанин аудандық ауруханасы бойынша ақпарат

Байғанин ауданының 21 501 халқына 48 төсектік «Байғанин  аудандық  ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, 7 дәрігерлік  амбулатория,  16 медициналық пункттер медициналық  көмек  көрсетеді.  Аудандық ауруханада стационарлық көмек 48 тәуліктік кереуеттер және 55 күндізгі бөлім керуеттерімен қөрсетіледі, сонымен қатар Абай, Жарқамыс, Жарлы, Оймауыт дәрігерлік амбулаторияларында 5 керуеттен  күндізгі стационар жұмыс жасайды. Аудандық емхана қуаттылығы 1 ауысымда  285 науқасты қабылдауға есептелген. Аудандық аурухана клиникалық-диагностикалық зертханамен, рентген кабинетімен, УЗИ кабинетімен, физиотерапия бөлімімен қамтылған.

Кадр мәселесі

Аудан  бойынша  48 дәрігер, 177  мейірбике  еңбек  етеді. Әр 10 000 адамға шаққанда дәрігермен қамту 86,2% және мейірбикемен 100% құрап отыр.

Алайда аудан бойынша әлі де болса дәрігерлер жетіспеушілігі орын алып отыр. Сонымен қатар дәрігерлік амбулаторияларға жалпы тәжірибе дәрігерлері қажет.

 

Демографиялық  көрсеткіштер

Байғанин ауданы бойынша  21 473 халықтың 14  жасқа дейінгі балалары 7378,  жасөспірімдер саны  1132,  2022 жылы 12 айда 616 (2021 ж. 12 ай 648) сәби дүниеге келіп, туу деңгейі 28,7 (2021 ж 12 ай 30,0) көрсеткішін құрап отыр. 1 жасқа дейін қайтыс болған - 5 бала (2021 ж 12 ай - 8), бұл көрсеткіш әр  1000 сәбиге шаққанда 8,1‰ (2021 ж 12 ай 12,0‰) болып отыр.

Аудан бойынша ағымдағы жылдың 12 айында  103 (2020 ж 12 ай -115 адам  қайтыс  болып отыр. 1000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 4,8 (2020 ж 12 ай -5,0).

Есепті кезеңде туберкулезбен 7 (2020 ж 12 ай 8 жағдай) жаңа жағдай тіркеліп, 100 000 тұрғынға шаққандағы жалпы  туберкулезбен аурушаңдық 37,5 (37,2) құрап отыр.

Ісік аурулары бойынша диспансерлік есепте жалпы 123 (2021-108) науқас тұрады, 37 (2021-26) жаңа жағдай тіркелді.

Ісік ауруларын және қан айналым жүйесі, қант диабеті, глаукома ауруларын ерте анықтау мақсатын да жүргізілетін скринингтік тексерілулер өз деңгейінде жүргізілуде.

Аудандық ауруханада және 7 дәрігерлік амбулаторияға интернет жүйесіне қосылған. 2018 жылдың наурыз айынан бастап, денсаулық сақтау саласын цифрландыру мақсатында орталық ауруханаға «Дамумед» кешенді медициналық ақпараттық жүйе орнатылды. Қазіргі сәтте орталық аурухана және емхана осы ақпараттық жүйемен жұмыс жасауда.

 

Дәрігерлік көмек

«Халық  денсаулығы» бағдарламасын жүзеге асыруда негізгі медицина қызметкерлерінің алдында  тұрған  бағыт:  профилактикалық қарау, санитарлық ағарту шараларын жүзеге асырумен қатар  иммундық егу шараларын толық көлемде жүргізіп отыру. 

Есепті мерзім ішінде аудандағы  дәрігерлердің  қаралуына 111561 науқас  тіркеуден өтіп отыр. Бұл  көрсеткіш негізінен профилактикалық тексеруді арттыру арқылы болып отыр. 

Яғни  2022 жылы  ауруына байланысты 48746 адам қаралса, 62815 адам  профилактикалық  тексеруден  өтіп  отыр, үй жағдайында - 7618 науқас қаралып отыр.

Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы 30.10.2020 жылғы  №174 бұйрығы бойынша жеке санаттағы ересек адамдарды қатерлі ісіктердің алдын алу мақсатында (сүт безінің, жатыр мойнының қатерлі ісігі) жүрек қан тамырлары ауруларына ересектер арасында тексерулер өтті.

Барлығы 30-70 жастағы әйелдердің жатыр мойнының ісігін тексеру–856 әйел болса, оның тексерілгені – 857, анықталғаны- 27, диспансерлік еспке алынғаны-27.

50-70 жастағы әйелдердің сүт безінің рагын тексеру- 1 017 әйел, тексерілгені – 739, анықталған-54.

50-70 жастағы адамдардың колоректалды рагын тексеру - 1 035, тексерілгені – 1073, анықталған-12.

40-70 жас аралығындағы артериалды гипертензия бойынша –1 729, тексерілгені - 1773, оның 80-і ауру деп табылып, диспансерлік есепке алынғаны-80.

40-70 жас аралығындағы қант диабеті бойынша – 1729, тексерілгені-2123, оның 6 -ы ауру деп табылып, диспансерлік есепке алынғаны - 6.

Глаукома ерте сатысында анықтау тексеруден өткізуге мақсатында жоспарланған тұрғын саны – 1729, оның ішінде тексерілгені –2156 адам. Анықталған науқас -0.

0-17 жастағы балалар және жасөспірімдерді профилактикалық тексеру барысында  барлығы 8 385 болса, оның ішінде  тексерілгені – 8408, ауру деп табылғаны – 28, диспансерлік есепке алынғаны -28, сауықтырылғаны - 28.

 

2023 жылдары алдымызға қойған мақсаттар мен жоспарлар

  • Ана өлімін болдырмау және нәресте өлімін азайту;
  • Кадр тапшылығын азайту және мамандар біліктілігін кезеңді арттыру;
  • Медициналық қызмет қолжетімділігін, сапасын арттыру және тұрғындар денсаулығын нығайту;
  • Міндетті әлеуметтік Сақтандыру шеңберінде медициналық көмек көрсету және оны сүйемілдеу.
Документы
Қаулы
10 декабря 2020
Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 14 қарашасындағы №55 «Ақтөбе облысының аумағындағы шектеу карантиндік шаралары туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
1
Аудан әкімі Айбек Купенов тұрғындардың өтініш, шағымы негізінде аудандық ауруханаға барды
1
Аудан әкімінің медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтауы!
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы