
«Байғанин аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын, жергілікті автомобиль жолдарын, инженерлік жүйелерді дамытуды, елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыру.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
2021-2022 жылы руспубликалық және облыстық бюджеттен Алтай батыр, Қосарал, Көкбұлақ және Қораши ауылдарына орталықтандырылған ауыз сумен қамту нысандарының құрылысына қаражат бөлініп 2022 жылы пайдалануға берілді.
2022 жылы Жаңатаң, Баршақұм және Дияр ауылдарына орталықтандырылған сумен қамту нысандарының құрылысына облыстық және республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысанды 2023 жылы беру жоспарлануда.
2021 жылы Шұқырши, Айрық елді мекендеріне терең түтікті су ұңғымасы қазылып, су тазартудың кешенді блок модульі орнатылды.
2023 жылға Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылындағы көлемі 100 м3 болатын су жинақтау мұнарасын қайта жаңартуға облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алудың веб порталына хабарландыру берілді.
2022 жылы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында кәріздік тазарту қондырғысының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Сараптама қорытындысын алу 2023 жылға жоспарланған.
Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы арқылы Қораши ауылына жеткізуші және ауылішілік газ құбыры желісінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды.
Сонымен қатар Байғанин ауданы Қаражар, Оймауыт ауылдарына жеткізуші және ауылішілік газ құбыры желісінің құрылысына ЖСҚ әзірленуде. Сараптама қорытындысын алу 2023 жылға жоспарланған.
Тұрғын үй кезегіне тұрудың екі әдісі бар
1. Құжаттарды жинап, халыққа қызмет көрсету орталығына бару арқылы.
2. Онлайн - Электрондық үкіметтің веб-сайты: egov.kz арқылы, ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.