
Байғанин ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылғы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Байғанин ауданының аумағында ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтерді Қазақстан Республикасының басшылық жасайтын мемлекеттік орган болып табылады.
Байғанин ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 2022 жылғы атқарылған жұмыстары
Мүйізді ірі қара малы саны 50773 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 109,2 %-бен өсім байқалды.
Қой-ешкі саны 145 994 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 104,7 %-ға өсім.
Жылқы саны 26 846 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 118,2 %-ға өсім.
Түйе саны 3801 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 107,8 %-ға өсім.
«Жайылымдарды суландыру» мемлекеттік бағдарламасы арқылы аудан бойынша 20 ұңғыма қазылып, қазылған ұңғымалар бойынша субсидиялауға берілген өтінімдер мақұлданды.
2022 жылы Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ауданның машина-трактор паркін жаңарту мақсатында 22 бірлік жаңа техника, 36 бірлік мал азығын дайындайтын агрегаттар сатып алынды, сатып алынған жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын мемлекеттік субсидиялау қарастырылған.
«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 ауыл шаруашылық құрылымдарының жетіспейтін инфрақұрылым (Электр желісін тарту) жобалары Өңірлік Үйлестіру Кеңесінен мақұлданды.
2022-2023 жылдарға мал қыстату кезеңіне мал азығын дайындауға аудан бойынша 246 400 тонна мал азығы дайындалды. Мал азығын дайындауға 105 ауыл шаруашылығы құрылымдарының бригадалары науқанға ат салысты.
Кәсіпкерлікті дамыту бағытында Ұлттық жоба аясында 47 кәсіпкерге айналым қаражаты есебінен кепілсіз несиелер берілді. Ауданның 47 кәсіпкердің 24 кәсіпкерге субсидиялау жұмыстары және 23 кәсіпкерге кепілдендіру бағыттарында мемлекет тарапынан қолдаулар жасалынды. Ұлттық жоба аясында облыстық кәсіпкерлік басқармасы ұйымдастыруымен қайтарымсыз грант конкурсынан ауданымыздың кәсіпкері ЖК Рсалина ет өңдеу бағыты бойынша грант жеңімпазы болды. Аталған бағыт бойынша қазіргі таңда өз кәсібін жалғастыруда.
2025 жылға дейін халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы «Ауыл аманаты» жобасы аясында барлық ауылдық округтерде тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда аудан бойынша 5 жоба мақұлданды және де 13 жоба қарастырылуда. Сонымен қатар, 32 жобаға құжаттар жинақталуда.