Әкімшілік-аумақтық бөлініс
Ақтөбе облысы қазіргі уақыттағы шекарасы бойынша 1932 жылдың 10 наурызында құрылған. Ақтөбе облысының аумағы 300,6 мың км2 құрайды (Қазақтан Республикасы аумағының 11%, аумағы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында). Аймақ Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан:
батысында – Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарымен;
шығысында – Қостанай,Қарағанды, Қызылорда облыстарымен;
солтүстігінде – Ресей Федерациясының Орынбор облысымен;
оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстан автономиясымен шекараласады.
Облыс орталығы – Ақтөбе қ., Нұр-Сұлтан қ. дейінгі арақашықтығы - 1 678 км. Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша облыс 12 ауданнан, 142 ауылдық (селолық) округтан құралады.