Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Цифрландыру

Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы ақпараттандыру, цифрландыру, байланыс және ақпаратқа қол жеткізу салаларында басшылықты жүзеге асыратын ҚР мемлекеттік органы болып табылады. Мекеменің миссиясы республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін дамудың түбегейлі жаңа траекториясына Қазақстан экономикасының көшуі үшін жағдай жасау болып табылады.

Мекеменің негізгі міндеттеріне облыстың ақпараттандыру және цифрлық технологиялар мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру жатады.

Осылайша, қалалық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыру және ақылды технологияларды енгізу мақсатында Қазақстанда «Smart City» тұжырымдамасы әзірленді.

Smart City (Ақылды қала) – бұл азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында инновациялық шешімдерді енгізу есебінен қалалық ресурстар мен қызметтерді басқарудың тиімділігін арттыру және инфрақұрылымды жетілдіру жөніндегі бастама.

Осы тұжырымдама аясында Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы төмендегі жобаларды іске асыруда.

«109» БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

Ақтөбе облысы әкімдігінің Ахуалдық орталығы жанында «109» тәулік бойы Бірыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі-ББО-109) жұмыс істейді. Ақтөбеліктер «109» қысқа телефон нөміріне қоңырау шала алады. Стационарлық және мобильді нөмірлерден қоңырау шалу тегін.

ББО-109 азаматтардың коммуналдық қызметтерге және өңір азаматтарының тыныс-тіршілігі мәселелері бойынша жауапты ұйымдарға жіберілген өтініштерін тіркеу және халықтың тыныс-тіршілігіне байланысты мемлекеттік, тұрғын үй-коммуналдық және басқа да қызметтерді алуға байланысты проблемалық мәселелерді жедел анықтау және шешу үшін құрылған..

ББО-109 негізгі міндеттері:

  • азаматтардың проблемаларын шешу, мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру және қалыптасқан өмірлік жағдай контексінде ақпарат немесе қызмет алу қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша халықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жақсарту;
  • облыс әкімдігінің аппаратына халықтың сенім деңгейін арттыру;
  • мемлекеттік органдардың қызметін проактивті жұмыс әдістеріне бағдарлау және өңір азаматтарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша қызметтер көрсетумен байланысты проблемаларды шешу бойынша нақты нәтижелер беру;
  • өтініштерді қарау бөлігінде мемлекеттік органдарға операциялық жүктемені төмендету.

Сонымен қатар, ББО-109-да +7 (707) 099 01 09 телефон нөмірі бойынша «WhatsApp» мессенджері арқылы келіп түсетін және интернет кеңістігінде жарияланатын өтініштер тіркеледі. Барлық өтініштерді Ахуалдық орталықтың қызметкерлері оларды тіркеу кезеңінен бастап жауапты мемлекеттік органның орындауына дейін бақылайды.

«AVTOBYS» ЭЛЕКТРОНДЫҚ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ

2021 жылдың сәуір айында Ақтөбе қаласы бойынша қоғамдық көліктерге арналған "Avtobys" электронды билет жүйесі енгізілді. Қала тұрғындарының қаланың барлық қоғамдық автобустарында стационарлық және мобильді валидаторларға карточкалар арқылы жол жүру ақысын төлеу мүмкіндіктері бар. Электрондық төлемдерді ілгерілету шеңберінде сараланған тариф енгізілген болатын.

«Avtobys» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері:

  • балансты толтырудың әртүрлі тәсілдері (QIWI, kassa24 және Kaspi.kz төлем терминалдары, Kaspi.kz, Сбербанк, Еуразиялық банк және т.б.интернет-банкинг, электрондық әмияндар арқылы);
  • QR-код арқылы жол ақысын төлеу;
  • көлік құралының мемлекеттік нөмірін пайдалана отырып жол ақысын төлеу;
  • Bluetooth арқылы сымсыз төлем;
  • NFC арқылы байланыссыз жол ақысын төлеу;
  • банк карталарын мобильді қосымшаға байланыстыру;
  • сапарлар мен билеттер тарихын қарау;
  • автобусты қадағалау және т. б.

Тарифтік модельдер:

  • стандартты;
  • оқушы;
  • әлеуметтік;
  • жеңілдік.

«Avtobys» мобильді қосымшасын келесі сілтемелер арқылы жүктеуге болады:

1) iOS пайдаланушылары үшін https://apps.apple.com/kz/app/avtobys/id1481967590

2) Android пайдаланушылары үшін https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.avtobys.userapp

Қосымшаны қалай пайдалануға болады?

  1. Play Market немесе App Store-дан «Avtobys» мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз;
  2. Есепке алу (қарапайым тіркеу процедурасынан өтіңіз);
  3. Түзету (банктік картаны қосымшаға тіркеңіз және шотыңыздан балансыңызды толтырыңыз);
  4. Көліктің QR-кодын сканерлеңіз («Жол ақысын төлеу» батырмасын басып, телефон камерасын автобустағы QR-кодына бағыттаңыз немесе оны тіркеу нөмірімен төлеңіз);
  5. Жол ақысы (төлем әдісін таңдап, тарифті растаңыз);
  6. Көлік картасын байланыстыру (автобус картасын қосымшаға тіркеп, теңгерім мен саяхат тарихын қадағалаңыз).

ИНТЕРНЕТКЕ КЕҢ ЖОЛАҚТЫ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Интернетке қол жеткізу бүгінде аумақты цифрлық дамытудағы стратегиялық маңызды мәселе болып табылады.

Осыған байланысты, өңірдің ауылдық елді мекендеріндегі (бұдан әрі – АЕМ) цифрлық теңсіздікті төмендету және ауыл тұрғындарының электрондық мемлекеттік қызметтерді алуы үшін Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы байланыс операторлары арасында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Ақтөбе облысында 315 АЕМ бар, оның ішінде 250 және одан да көп адамнан тұратын 218 АЕМ. 

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 01.09.2020ж. Қазақстан халқына Жолдауында «Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар компьютерлік техникамен және сапалы интернетпен қамтамасыз етілуі тиіс. Жыл соңына дейін 250-ден астам тұрғыны бар әрбір ауыл Интернетке қол жеткізе алады». Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – ЦДИАӨМ) мен байланыс операторлары арасында халық саны 250 және одан көп (бұдан әрі – 250+) елді мекендерді мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум шеңберінде 250+ 928 АЕМ (оның ішінде Ақтөбе облысы бойынша 100 ауыл) мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамту көзделген.

Аудан әкімдіктері мен байланыс операторларының бірлескен жұмысының нәтижесінде 2020ж. мобильді интернетпен 75 елді мекен, 2021ж. 25 елді мекен қамтылды. Алайда, мобильді кеңжолақты қолжетімділікпен қамтылған 100 ауылдың 33-і «3G» пайдалану мүмкіндігімен қамтылмағанын атап өткен жөн. Осы 33 елді мекенді сапалы мобильді интернетпен қамтамасыз ету мақсатында қажетті инфрақұрылым салынды (электр желісін жүргізу, антенна-діңгек құрылыстарын салу) және 22 елді мекенде спутниктік берілістен радиорелелік байланыс желісіне ауыстырылды (2021ж.-7 АЕМ, 2022ж.-15 АЕМ). Қалған 11 ауылдың 7-де спутниктік берілістен жерүсті берілісіне көшу 2023ж. жоспарланған, 4 ауыл бойынша байланыс арнасын жаңғырту үшін қосымша инфрақұрылым құрылысына (АМС құрылысы, электр беру желілерін жүргізу) қомақты қаражат қажет болады. Бұл мәселенің оңтайлы шешімі-оптикалық байланыс желісін салу.

Бұдан басқа, қосымша 250 + 5 елді мекен сапалы мобильді интернетпен қамтамасыз етілген.

Осылайша, 250+ 218 елді мекен бойынша жүргізілген жұмыстар негізінде бүгінгі жағдай:

  • 189 ауыл мобильді интернетпен қамтамасыз етілген;
  • 8 ауылды мобильді интернетпен қамту жоспарлануда (2023ж.;
  • 4 ауыл спутниктік байланыспен қамтамасыз етілген (оптикалық байланыс желісін салу қажет);
  • 17 ауыл 250 + жобасына енгізілмеген.

Анықтама үшін: елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі Меморандум ЦДИАӨМ мен байланыс операторлары арасында бекітіледі. Меморандумға сәйкес байланыс операторы жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) ұсынған инфрақұрылымда базалық станция орнатуға міндеттенеді. Қажетті инфрақұрылым болмаған кезде инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша шығындар (антенна-діңгек құрылыстарын салу, электр желілерін жүргізу) ЖАО-ға жүктеледі. Сонымен қатар, байланыс операторлары ЦДИАӨМ арасындағы шарттық міндеттемелер шеңберінде әрекет ететінін, яғни дайын инфрақұрылым болған жағдайда да, егер осы елді мекен шарттық міндеттемелер жоспарында көрсетілмесе, байланыс операторлары базалық станцияларды орнатпайтынын ескеру қажет.

Қосымша халық саны 250 адамнан кем 97 елді мекен бар. Оның ішінде 25 елді мекен мобильді интернетпен қамтылған. 2024ж. дейін 16 елді мекенді мобильді интернетпен қамту жоспарлануда. Жалпы саны 5543 адамнан тұратын қалған 56 елді мекен қазіргі уақытта байланыс операторларының жоспарларында қарастырылмаған.

Жалпы, жоғарыда аталған жұмыстар жүргізілгеннен кейін 238 (75,6%) елді мекенде «3G» стандарты ұялы байланыс қызметтері қолжетімді болады.

Документы
Заң
21 мая 2013
О персональных данных и их защите
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы