«БІЛІМ ALL» ӨҢІРЛІК ЖОБАСЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕРІН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН «БІЛІМ ALL»

 ӨҢІРЛІК ЖОБАСЫ

 Жобаның атауы:

«БІЛІМ ALL» өңірлік жобасы (

  1. Жобаны іске асыру мерзімі:

2023-2024 оқу жылы

  1. Жобаның мақсаты:

Ақтөбе облысының ауылдық шағын жинақты мектептерінде білім беру қызметтерінің сапасын арттыру.

  1. Жобаның міндеттері:

1) өңірдің жағдайын ескере отырып, ШЖМ-да виртуалды оқыту үшін білім беру платформасын әзірлеу;

2) 5-9-сынып білім алушыларының бейіндік және бейіналды білім беру жүйесін дамыту үшін жағдайлар жасау;

3) виртуалды оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік қолдауды жүзеге асыру;

4) педагогтер мен білім алушылардың АКТ-құзыреттерін қалыптастыру;

5) ШЖМ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын нығайту.

  1. Күтілетін нәтижелер:

1) өңірдегі жағдайларды ескере отырып, ШЖМ-да виртуалды оқыту үшін білім беру платформасының жұмысы іске қосылады;

2) 5-9-сынып білім алушыларының бейіндік және бейіналды білім беру жүйесін дамыту үшін жағдайлар жасалады;

3) виртуалды оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік қолдау көрсетіледі;

4) педагогтер мен білім алушылардың АКТ-құзыреттері қалыптасады;  

5) ШЖМ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы нығайтылды.

  1. Жобаның өзектілігі

Жобаның қажеттілігі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатқа және қазіргі заманғы сын қатерлерге байланысты:

1) ШЖМ мен жалпы білім беретін мектептерде оқыту мен тәрбиелеу сапасы арасындағы алшақтықты қысқарту қажеттілігі (алшақтық 15%-ды құрайды, облыстық, республикалық пәндік олимпиадалар мен білім алушылардың ғылыми жарыстарының жеңімпаздары – ШЖМ білім алушылар санының тек 9 % -ын құрайды).

2) өңірдегі мектептердің негізгі бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан, олардың 204-і (72,5%) шағын жинақты, ондағы білім алушылардың саны 14 194 (31%) яғни ауылдық мектептердегі жалпы санының үштен бірін құрайды;

3) ШЖМ педагогикалық құрамы өңірдегі барлық ауылдық мектеп мұғалімдерінің жартысына жуығын құрайды, яғни 9064 (47%) 4 454 (23%);

  1. Жобаға қатысушылардың құрамы және олардың функционалдық міндеттері

Пилоттық жобаны іске асыруға 10 жетекші және 120 шағын жинақты мектеп; оның ішінде 35 педагог, 6-11-сыныптардан 10 575 білім алушы қатысады

Виртуалды оқытуда «виртуалды педагог» (тірек мектептің пән мұғалімі) және «виртуалды педагогтің ассистенті» (магниттік мектептің пән мұғалімі) іске асырады.

  1. Жобаның объектісі ретінде Ақтөбе облысының жалпы орта білім беру жүйесі алынды.
  2. Жобаның мәні виртуалды оқыту негізінде Ақтөбе облысының ауылдық шағын жинақты мектептеріндегі білім беру қызметтерінің сапасы.
  3. Күтілетін нәтижелерді бағалау критерийлері
  4. Өңірлік жағдайларды ескере отырып, ШЖМ-да виртуалды оқыту үшін білім беру платформасының табысты жұмыс істеуі:
  • ауыл мектептерінде оқу сапасын 12% - ға арттыру (48 %-дан 60 %-ға дейін);
  • «Математика» (12%), «Физика» (12%), «Химия» (12%), «Биология» (12%), «Ағылшын тілі» (12%) пәндері бойынша оқыту сапасын арттыру.