Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Табиғи ресурстар

 

Гидротехникалық құрылысжайлары бойынша

Облыс аумағында жалпы 206 ГТҚ бар, олардың 611,8 млн.м3 су сақтап қалу мүмкіншілігі бар, оның ішінде 10 республикалық, 174 коммуналдық  және 22 жеке  меншікте.

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 2 мамырдағы №120  қаулысымен «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ құрамында құрылған «Ақтөбе облысының гидротехникалық  құрылғыларға қызмет көрсету мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай –КММ) құрылды. 

КММ мамандары тарапынан облыс аумағындағы коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстардың  техникалық жай-күйін бақылау, қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Облыс бойынша 2024-2028 жылдарға арналған су саласын дамытудың Кешенді жоспарының жобасы аясында су   қоймаларын, лиманды суару жүйелерін реконстуркциялау, сонымен қатар өзен арнасын тазарту, жағалауды бекіту, елді мекендер мен басқа да құрылыстарды су басудан сақтау, ауыл шаруашылығы өндірушілерін сумен қамтамасыз ету үшін облыс аумағында  су қоймаларын салу жоспарға алынды.

  1. «Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласындағы Жаман Қарғалы өзенінде «Өлке» су қоймасын салу».
  2. «Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Ор өзенінде «Жамбыл» су қоймасын салу».

Жобалардың мақсаты ауыл шаруашылығы жерлерін және шаруашылық қажеттіліктерін суару үшін өзен бойындағы еріген сулардан пайда болған тасқын суларды пайдалану болып табылады.

Қазіргі таңда, жобалау-сметалық құжаттамалар дайындалуда.

2024 жылы Алға ауданында орналасқан Шолақ бөгетіне және  Мәртөк ауданындағы Мәртөк бөгетіне күрделі жөндеу күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

18 қорғаныс бөгеттердің құрылыстарын салу мен жөндеуге және 1 өзен жағасын бекітуге "Демеу Қазақстан қорынан" 4,0 млрд. теңге, ЖБ-дан 3,3 млрд теңге бөлініп, жұмыстар атқарылды.

Балық шаруашылығы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес облыс аумағында 134 балық шаруашылығы су айдындары бар (25 өзендер, 32 көлдер, 9 су қоймалары, 68 тоғандар), оның ішінде 85 су айдыны 60 пайдаланушыға балық шарушылығын жүргізуге бекітіліп берілген.

Облыс аумағында ұзындығы 20-дан 593 шақырымға дейінгі 175 үлкен және кіші өзендер бар, оның ішінде ірі өзендер: 593 шақырым болатын Ырғыз өзені, 522 шақырым Ойыл өзені, 500 шақырым Жем өзені, 257 шақырым Елек өзені, 225 шақырым Қобда өзені, 200 шақырым Ор өзені, 192 шақырым Торғай өзені,193 шақырым Қиыл өзені, 152 шақырым Сағыз өзені және басқа да кіші өзендер.

Барлық өзендердің жалпы ұзындығы 6,0 мың шақырымнан асады, оның 700 шақырымы ғана пайдаланушыларға бекітілген.

2025 жылы Ақтөбе облысының балық шаруашылығы су айдындарындағы балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау 136,914 тоннаны құрады.

2025 жылы жануарларды аулау лимитіне сәйкес, 88 158 дана жануарларды аулауға рұқсат берілді.

Балықтар үшін жем сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге, балық отырғызу материалын сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге, жөндеуаналық табын сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге, оларды ұстауға және балық шаруашылында жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге (оның ішінде жаңғыртуға), техниканы, машиналар мен жабдықтарды сатып алуға инвестициялық субсидия қарастырылған.

Жануарлар  дүниесін қорғау бойынша

Ақтөбе облысы аумағындағы аңшылық алқаптардың жалпы алаңы - 28592,5 мың га, оның ішінде 91% далалық және жартылай шөлейт аңшылық алқаптар, орман - 0,4%, су - 1,2% және 7,4% ауыл шаруашылығы алқаптары, бұл ретте «Охотпроект» ЖШС жүргізген облыстың аңшылық алқаптарын зерттеу нәтижесіне сәйкес 13477,9 мың га аңшылық шаруашылықтарын ұйымдастыру үшін қолайсыз деп танылды.

Қазіргі уақытта, облыста 53 аңшылық шаруашылығы бар (жалпы алаңы 15 114 590 га), оның ішінде 52 аңшылық шаруашылығы (жалпы алаңы 14 563 010 га), 21 аңшылық пайдаланушыға бекітіліп берілген, резервтік қордағы бір «Біршоғыр» аңшылық шаруашылығы (алаңы 551 580 га).

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар:

2023 жылы облыс аумағында Шалқар ауданында «Бершоғыр»  және Алға ауданында «Сазды»  2 ерекше қорғалатын табиғи аумақ (әрі қарай - ЕҚТА) құру үшін жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобалары әзірленді. Сонымен бірге «Көкжиде-Құмжарған» ерекше қорғалатын табиғи аумағында орналасқан жер асты суларын сақтап қалу мақсатында, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың шекарасын ұлғайту бойынша  ғылыми жаратылыстану негіздемесіне  түзету жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда, «Біршоғыр», Сазды  ЕҚТА құрудың және «Көкжиде-Құмжарған»  ЕҚТА шекарасын ұлғайту бойынша  техникалық-экономикалық негіздемелері (бұдан әрі – ТЭН) әзірленіп, келісім жүргізу сатысында. ТЭН жұмыстары аяқталғаннан кейін облыс әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданады.

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Ақтөбе облысы бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулері 16 өзенде, 7 су қоймасында орнатылған. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жалпы ұзындығы 4 694,5 километрді құрайды. Оның ішнде, 2021 жылы Ақтөбе қаласы аумағында Елек өзенінің шегінде су  қорғау белдеуі мен аймақтарын жергілікті жерге шығарып, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған-ақпараттық жүйесіне (жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры)  енгізілді.

2024 жылы кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілеріне қатысты ҚР Заң жобаларына енгізілген толықтыруларға байланысты, облыс аумағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату туралы қабылданған 9 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді ( 18.10.2024 жылғы № 294 «Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулысы).

Сонымен бірге, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының аумағында аудандық маңызы бар «Светлый-Құмкұдық-Жабасақ-Байжанкөл» автомобиль жолын кесіп өтетін «Бөгет» сайы үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы қаулы жобасы қабылданды ( 03.12.2024 жылғы №353 «Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының аумағында аудандық маңызы бар «Светлый-Құмкұдық-Жабасақ-Байжанкөл» автомобиль жолын кесіп өтетін «Бөгет» сайы үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы» қаулысы).

Сондай-ақ, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жаңа Су кодексінің жобасының қабылдануына байланысты, алдағы уақытта облыс аумағындығы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасын қайта қарау немесе түзетулер енгізіліп, тиісті қаулылар қабылданатын болады.

Көгалдандыру                                                         

Облыс бойынша 2021-2025 жылдары 30,7 мың.га алқапқа 60,2 млн дана орман екпелерін отырғызу жоспарланды. 2021-2024 жылдары  22 119,95 мың га алқапқа 43,488 млн дана жоспарланып, 16 189,2 га алқапқа 29,48 млн түп ағаш отырғызылды. 2025 жылға 8624,25 га 15 млн 348 мың түп жоспарланып, қазіргі күнге дейін  көктем мезгілінде 2896,17 га  4,9 млн түп отырғызылды және егу жұмыстары жүргізілуде.

Елді мекендерде 15 млн ағаш құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыс бойынша Ақтөбе қаласы мен аудандардың 180 елді мекендерінің 136-не дендрологиялық жоспар әзірленген, қалған 44 елді мекеніне жоспарлануда. 2021-2025 жылдары 500 000 көшет отырғызу жоспары бойынша: жоспардың 332 000  түп көшеттер отырғызылды. Жоспар 66,4 %-ға орындалды. 2025 жылы барлығы 168 000 көшеттерді отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылы жоспардың көктем мезгілінде 19 062 түп ағаш отырғызылды.

Жалпы облыс бойынша 9 орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері, 7 мемлекеттік орман тәлімбағы (230 га) жұмыс жасауда.

Орман мекемелері тәлімбақтарында 9,6 млн.түп екпе материалдар өсірілуде. Байғанин және Орқаш орман шаруашылығы мекемесінде 90 га жер учаскесіне тәлімбақ шарарушылығын ашу жоспарланды ағымдағы жылы екпе материалдары өсіріледі.

Өртке қарсы іс-шаралар бойынша

2025 жылы орман өрттеріне қарсы күрес бойынша, орман мекемелерінің орындаған жұмыстары: минералды жолақтар салу – 1235 км, минералданған жолақтарға күтім жасау – 24 805 км жұмыстары жоспарланып, орман шаруашылығы мекемелері орман өрттеріне қарсы күрес жөнінде ауылшаруашылық құрылымдарға 104 ескертпе беріп, 165 дана үнпарақтар таратылды және газеттер мен журналдарда жарияланымдар саны - 10 материал, мекемелер мен оқу орындарында жүргізілген лекциялар мен сабақтар саны - 58 дана.

Орман шаруашылығы мекемелерімен нақты аумақтарда, учаскелер мен алаңдарда ормандағы және даладағы өрттердің алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды орындауды күшейтілген түрде жүргізілуде.

Техникалық құрал-жабдықтар бойынша

Ағымдағы жылы материалдық-техникалық жабдықтарды қамтамасыз ету үшін: 6 - дискілі тырма, 15 – соқа , 4 - трактор тіркемесі, 9 - гидравикалық қос ізді тырма , 4 - терең жыртқыш түрен , 10 - көшет қазу машинасына конкурстық тәртіппен сатып алу үшін 140,9 млн теңге қаржы бөлінді. 

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның 4 қыркүйек №6195 хатына және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұсынысымен, Республика бойынша 7 жыл мерзімге, жылдық пайыздық 3 % мөлшерімен қаржылық лизинг қызметтері негізінде Ақтөбе облысы бойынша 8 өрт сөндіру машинасы, 18 МТЗ тракторлары, 29 шағын өрт сөндіру автокөліктерін сатып алу жоспарлануда.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару

Коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларын (бұдан әрі КҚББ) қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

2023 жылы КҚББ Ақтөбе қаласы үшін әзірленді. 2024 жылы Шалқар, Мәртөк, Қобда, Темір және Хромтау аудандарында коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламалары әзірленіп, аудандық мәслихаттармен бекітілді.

Қазіргі уақытта КҚББ Алға ауданында әзірленуде.

Ағымдағы жылы Әйтеке би, Мұғалжар, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы және Ойыл аудандарында коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда.

Халық үшін ҚТҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесіне сәйкес тарифтер Ақтөбе қаласында және 11 ауданда (Әйтеке би, Алға, Байғанин, Қарғалы, Ойыл, Мәртөк, Мұғалжар, Темір, Хромтау, Қобда, Шалқар) бекітілген.

Ырғыз ауданында аудандық мәслихаттың таяудағы сессиясында қаралатын бюджеттік өтінім дайындалды.

Тарифтер Ақтөбе қаласында бір адамға 450 теңгеден Қарғалы ауданында бір адамға 165 теңгеге дейін ауытқиды.

Рұқсат  етілмеген қоқыстар

Ағымдағы жылы ғарыштық мониторинг желісі бойынша жаңадан анықталған стихиялық қоқыс үйінділері туралы ақпарат түскен жоқ.

2024 жылғы мониторинг нәтижелері бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ геопорталында қоқыс жиналатын 268 учаске тіркелген.

Бүгінгі таңда 223 полигон жойылды немесе анықталғандар санының 83,2%, 45 қоқыс үйінделерін алып тастау қалды.

Шағын полигондарды жою жұмыстары көктемгі екі айлық аясында аумақтарды санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша жүргізілетін болады. Ірі қоқыс үйінділерін жоюға ағымдағы жылы 123,5 млн. теңгеден астам көлемде аудандық бюджеттен қаржыландыру көзделген.

Сонымен қатар, стихиялық қоқыс үйінділердің пайда болуының алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметінің және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен мобильді топтар құрылуда. Халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ірі көлемді және құрылыс қоқыстарын полигондарға заңды және өтеусіз әкету үшін жағдай жасау бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, облыс тұрғындары көктемгі және күзгі екі айлық кезеңде қалдықтарды полигондарға өз бетінше тегін тасымалдай алады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Табиғи ресурстар
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы