Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік сатып алу

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» заңды күшіне енді.

Заңнама сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сатып алу рәсімдерін оңайлатуға және одан әрі автоматтандыруға бағытталған.

Қоғамдық мониторинг енгізілуде, сатып алу қорытындыларына шағымдану тәртібі қайта қаралды, жеткізушілердің жауапкершілігі күшейтілді. Мемлекеттік сатып алу қағидалары шеңберінде сатып алу мерзімдері мен рәсімдері қысқартылады.

Қоғамдық мониторинг құрылысқа байланысты жұмыстар бойынша енгізілетін болады. Жұмыстарды орындау кестелерін, шарттардың орындалуы бойынша есептерді жалпы қолжетімділікте орналастыру, шарттардың орындалу мониторингіне жұртшылықты тарту жоспарлануда.

Сатып алуды жедел жүргізу және конкурстық рәсімдердің кешіктірілуін болдырмау мақсатында конкурстық құжаттаманы талқылау мерзімдері 5-тен 2 жұмыс күніне дейін қысқарды, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарау мерзімдері 10-нан 3 жұмыс күніне дейін, сондай-ақ шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушының өзі қарайтын болады. Сатып алу қорытындыларына сот тәртібімен шағымданған кезде сатып алу рәсімдері тоқтатылмайды. Шағымдарды қарау мерзімі

30 жұмыс күнінен 3-ке дейін қысқарды.

Қосалқы мердігерлікке берілетін жұмыстар көлемі 50 пайыздан

 30 пайызға дейін қысқарды.

Конкурстық құжаттамада көрсетілмеген қосалқы мердігерлік ұйымдар тартылған жағдайда, тапсырыс берушілер шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

Сондай-ақ, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуларда өтінімдерді қамтамасыз ету көлемі 1% - дан 3% - ға дейін, шарттың орындалуын қамтамасыз ету 3% - дан 5% - ға дейін қайта қаралды.

Әлеуетті өнім берушілер үшін облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларында жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету орны бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте

2% мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі.

Теріс мәндерді есептеу тәртібі 0,1% - дан 0,2% - ға қайта қаралды.

Елеусіз сатып алуларды сатып алу мақсатында 100 АЕК-ке дейінгі тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бір көзінің

500 АЕК-ке дейінгі құқығы енгізілді. Ауылдық әкімдіктер үшін сатып алу шегі бір көзден 3000-нан 4000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

 Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар шығарылған жердің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ құны 1000 АЕК-тен аспайтын нарықта ұсынылған және қолжетімді біртекті тауарларды сатып алудың тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқауларды ұстауға жол беріледі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңайлату мақсатында конкурс біліктілік талаптарына сәйкес келетін бір өтінім кезінде өтті деп танылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдың

1 шілдесінен бастап «кілтпен» құрылыс енгізілуде. Жобаларды жобалаудан бастап құрылысқа дейін және объектіні пайдалануға беруге дейін бір мердігер іске асыратын болады. Объектілерді мәслихат бекітеді.

Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай операторы – «электрондық қаржы орталығы» АҚ базасында қолданыстағы сатып алу алаңдарымен интеграциялау арқылы сатып алудың бірыңғай платформасы құрылды (goszakup.gov.kz, zakup.sk.kz, mitwork.kz).

 Бірыңғай сатып алу платформасы Мемлекеттік сатып алуларға, ұлттық компаниялардың сатып алуларына және «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларына қатысу үшін қолжетімділік нүктесін қамтамасыз етеді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы