Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Білім

БІЛІМ САЛАСЫ

Облыста 426 мектеп (175 176 оқушы), 577 балабақша (44 290 тәрбиеленуші), 42 колледж (25 867 студент) қызмет жасайды.

Мектепке дейінгі білім мен тәрбие

Мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі қабілеттері қалыптасатыны белгілі. Сондықтан облыста мектепке дейінгі білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

2767 орындық 26 балабақша (Байғанин -1/64, Темір – 2/105, Мұғалжар – 1/150, Хромтау – 1/320, Ақтөбе -21/2128) ашылды.  

Нәтижесінде 1-ден 6 жасқа дейінгі  балаларды қамту – 88,4%,                          2-6 жас  – 92,6%, 3-6 жастағы  балаларды қамту  – 100%-ға жеткізілді.

1663 АӘК алатын отбасы балаларына 70%-дық жеңілдік жасалынды.

Бір тәрбиеленушіге мемлекеттік тапсырыс көлемі қала бойынша 41 718 теңге, ал ауылда 45 869 теңгені құрайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ерте жастан дамыту бағдарламасы әзірленіп, «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде білім берудің мемлекеттік стандарты өзгертілді (бағдарламаның мазмұнын педагог күні бойы түрлі балалар әрекеті арқылы ойын түрінде іске асырады).

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатында облыс бойынша 3 МДҰ-да (Ақтөбе каласындағы № 33 "Нұрсәт",  Қобда ауданындағы «Нұрлы болашақ», Қарғалы ауданы  «Бөбек»   балабақшаларында) «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары», «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» пилоттық жобалары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау өлшемшарттарының апробациясы өткізілді.

 

Орта білім

Орта білім саласындағы да  ең өзекті мәселе - білім сапасындағы кемшіліктерді жою, олқылықтардың орнын  толықтыру болып табылады.

Ақтөбе қаласындағы №33 "Нұрсат" балабақшасының базасында «Өсу нүктесі» құзыреттілік орталығы  ашылды. Білім сапасындағы айырмашылықты барынша жою, сапаны түсірмеу үшін шаралар қабылданды. Атап айтқанда:  Облыстағы білім сапасы төмен мектептер тобы (60 мектеп) айқындалып, оқу жетістіктерін жақсарту шаралары алынды, функционалдық сауаттылық бойынша білімсапасына бағалау жүргізілді.

Анықтама үшін:Жаңа оқу жылында бірнеше халықаралық зерттеулер өткізілді:

-  23 (12 қала, 11 ауыл мектебі, 15 мектепте компьютерлік форматта) мектеп PIRLS зерттеуі;

- 9 мектеп, 2 колледжде PISA-based Test for Schools (пиза бэйсед тест фо скул) халықаралық зерттеуінің апробациясы;

- 32 (26-мектеп, 6-колледж) білім беру ұйымы PISA-2022 негізгі кезеңіне іріктелді. Оның ішінде: 10 ауыл мектептері, 16 қала мектептері. Толық жинақты - 22, шағын жинақты – 4.

- 1 мектеп TIMSS-2023, 1 мектеп ICILS-2023 халықаралық зерттеулерінің апробациялау кезеңіне қатысты.

Биылғы жылы республикалық және халықаралық интеллектуалдық олимпиадаларда облыс оқушылары олимпиадалық жетістік деңгейін 21%-ға ұлғайтты. Облыс оқушылары халықаралық, республикалық  олимпиадаларда  78 медальға ие болды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада облыс командасы «Ең үздік олимпиадалық команда»,  Білім-инновация» лицей-интернаты «Ең үздік инновациялық мектеп» атағын иеленді. 6 облыс мектебі топ 100 үздік мектепке кірді.

Облыстағы 3 мамандандырылған ББҰ, 31 гимназия, лицей яғни көшбасшы мектептердің үздік педагогтерін тарта отырып ауылдық ШЖМ  педагогтерінің біліктілігін арттыру, әдістемелік көмек беру,  оқушыларының білімін жетілдіру жоспарланып отыр.  Атап айтқанда әр тоқсан сайын каникул мезгілінде  204 ШЖМ-нің 3000 педагогы мен 13000 оқушысы химия, биология, физика, математика, ағылшын пәндері бойынша қосымша сабақтар алатын болады. Мықты мектептердің мұғалімдері қамқорлық шеңберінде консультациялар өткізеді, сабақтарды бірлесіп жоспарлауды, мұғалімнің практикасын зерттеуді, сабақтарды зерттеуді, нәтижелілігі төмен мектеп оқушыларының ғылыми жобаларына басшылықты жүзеге асырады.

Облыс балалары 8 халықаралық деңгейдегі зияткерлік байқауға   (4 олимпиада, 4 конкурс)    қатысып, 16  (41%, 1 алтын, 8 күміс, 7 қола) оқушы жеңімпаз атанды.

Республикада тұңғыш рет шағын жинақты ауыл мектептерінің білім сапасын көтеру, баланың тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы білім алуына жағдай жасауды мақсат тұтатын «БІЛІМ ALL» өңірлік жобасы іске қосылды. Математика, физика, химия, биология,  ағылшын тілі пәндері бойынша 6 жетекші мектептің  35 үздік ұстазы 120 мектептің оқушыларына онлайн сабақ береді. Жобаны сәтті жүзеге асыру арқылы ауыл балаларының білім сапасын арттыру, алшақтықты жою күтілуде.

Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан үлгерімі төмен 5 бала алғаш рет дарынды балаларға арналған 3 мектепте талантты балалармен қатар оқу мүмкіндігіне ие болады.

Тағы да бір өте маңызды  мәселе – тәрбие жұмысы. Облыстың білім беру ұйымдарында дебаттық қозғалыс, мектеп және студенттік өзін-өзі басқару, «Оқуға құштар мектеп» жобалары, азаматтық ұстанымды қалыптастыру, патриоттық тәрбиені күшейту мақсатында қоғамдық-маңызды қозғалыстарға да («Жасыл экономика», «Қоршаған ортаны қорғау», «Менің Отаным, менің қалам/ауылым» және т.б.) тарту белсенді дамуда.

Облыстың білім беру ұйымдарында дебаттық қозғалыс, мектеп және студенттік өзін-өзі басқару да белсенді дамуда. Белсенді позициядан, көшбасшылық дағдылардан басқа, бұл сыни және аналитикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 14000-нан астам баланы қамтыған  429 дебат клубы жұмыс жасайды.

Қосымша білім берумен 126 220 (78,5%) оқушы қамтылған.  Оның ішінде  мемлекеттік 48 қосымша білім беру ұйымындағы 807 үйірмеге  36 896 (23%), мектепішілік 2833 үйірмеге 84 324(52,4%)  оқушы барады.

Жекеменшік қосымша білім беру ұйымдарына 4 бағыт бойынша 40 түрлі үйірмеге 5000 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылып, балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс тетігінің енгізілуі нәтижесінде  (72 млн.) қосымша біліммен қамту көрсеткіші 4%-ға артты. www.odoaktobe.kz порталы әзірленіп, құжаттарды қабылдау процесі автоматтандырылды.

 

Инклюзивтік білім беру

Облыста  6700 білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиеленеді. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 64%, балабақшалардың үлесі 47%-ды  құрайды.  Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды 3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (есепте 6700 бала), 14 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті (1612 бала),  1    (66 бала), және 1 оңалту орталығы (бір жылда 120 бала) жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына енгізілген өзгеріске сәйкес 50 мың балаға 1 ПМПК ашылу қажет. Бүгінгі таңда  облыста тағы 3 ПМПК-ға (облыстық-1, қалалық-2) қажеттілік бар. Ағымдағы жылдың соңына дейін Қандыағаш ауданаралық (Байғанин, Мұғалжар, Алға, Темір аудандарының балаларын қамтиды) ПМПК-сы іске қосылды.

135 (60,8%) балабақшада және 326(80,5%) мектепте инклюзивтік білім беруге жағдай жасалды

15207 жекелеген санаттағы балалар тегін ыстық тамақпен қамтылды. 14225 әлеуметтік осал отбасылардың балаларына 37 389 теңгеге (527 млн. теңге)  жалпыға міндетті оқу қорының есебінен әлеуметтік көмек берілді.

 

Инфрақұрылым

Ауылдық мектеп оқушыларын оқыту сапасына әсер ететін елеулі фактор – сапалы кадрлардың, қаржылық және материалдық ресурстардың, коммуникациялар мен технологиялардың жеткіліксіздігі. Мәселені шешу мақсатында                   2025 жылға дейін облыс бойынша  282 мектеп модернизациядан өтеді. Өткен жылы 58, ағымдағы жылы 56 мектеп жаңартылды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 81 орынға  грант бөлінді.      

Оның ішінде 51 мектепті пәндік кабинеттермен жабдықтау (химия, физика, биология кабинеттерін жаңарту (панельдер мен жиһаздар сатып алу) үшін барлығы 89 кабинет – 218,1 млн.теңге бөлінді.

Облыста 6 (Ақтөбе қаласы №12, 60,63,64, 78 ОМ, Шалқар ауданы №5 ОМ) үш ауысымды  және орын тапшылығы қалыптасқан 50 мектеп бар. Апатты мектеп  – 6 (Әйтеке би ауданы, Комсомол ОМ, Қобда ауданы, Шалқар ауданы Бозой ОМ, Темір ауданы ж.Кереев ат. ОМ Терісаққан ОМ, Мұғалжар ауданы Құмжарған НМ., Ақтөбе қаласы Қызылжар ОМ).

 2022 жылы 3,3 млрд. теңгеге 3920 орындық 14 мектеп құрылысы жүргізілуде.  Нәтижесінде 2 үш ауысымды мектептің,  3 апатты, 4 орын тапшылығы қалыптасқан, 5 ескі бейімделген мектептің мәселесі шешіледі. Ағымдағы жылы 900 орындық 1 мектеп іске қосылды, жыл соңына дейін 5 мектеп пайдалануға беріледі.

Балаларды  қауіпсіз тасымалдау үшін арнайы мектеп автобустарының автопаркі жаңартылып,  32 автобус  лизингпен сатып алынды.

Мектеп кітапханаларына 205 млн. теңгеге 62 мың дана көркем әдеби кітаптар алынды.

2025 жылға дейін 282 білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы жаңартудан өтеді. Ағымдағы жылы  56 мектеп                      (2 027,0 млн.) жаңартылады. 51 мектеп 89 жаңа модификациялы пәндік кабинеттермен (химия, физика, биология кабинеттері) жабдықталды ( 218,1 млн.теңге).

Техникалық және кәсіптік білім беру

      Колледждерге білім беру бағдарламаларының мазмұны мен оқу мерзімдерін айқындауға академиялық дербестік берілді. Кадрларды даярлау еңбек нарығында сұранысқа ие  82  мамандық пен 122 біліктілік бойынша жүргізіледі. 6193 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.  Оның ішінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша

нысаналы оқытуға  689 студент оқуға қабылданды.

Бөлінген мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес, ағымдағы жылы техникалық мамандықтар, білім, медицина, ІТ,  ауылшаруашылығы саласына бөлінген орын саны артты.   Сонымен қатар нарықта сұранысқа ие мамандар дайындау үшін жаңа мамандықтар ашу жұмыстары жүргізілуде.  Қазіргі уақытта өзгеретін мамандықтардың басым бөлігі сұранысқа ие, бірақ олардың өзектілігін сақтау үшін мамандарға жаңа техника, саладағы жаңа тәуекелдер мен мүмкіндіктер талап етілетін жаңа дағдыларды игеру қажет. Мамандықтың атауы өзгермеуі мүмкін, бірақ мамандық ішіндегі біліктілік талаптарының деңгейі өзгереді.

      Осыған орай, «Колледждерге арналған ERG» жобасы бойынша Ақтөбе Жоғары политехникалық және Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледждері  ERG жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес «әмбебап мамандарды» дайындау бойынша эксперименттік оқу бағдарламаларын жаңарту және түзету туралы пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.

      Сонымен бірге 2025 жылға дейінге кешенді жоспар шеңберінде «Мамандығым болашағым» жобасы аясында  жаңа мамандықтар мен құзіреттіліктерді енгізу жоспарланып отыр.

      Өндірістен 50 маман арнайы пәндерді оқытуға тартылды. Дуалды оқыту бойынша 3738 (+24%) үш жақты  келісімшарт жасалды. Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 5%-ға артты (79%).

24 колледж 25 кәсіпорын мен индустриалды кеңестің қамқорлығына алынды.

 

Документы
Кесте
26 декабря 2025
Ақтөбе облысы әкімінің аппараты
2026 жылғы 1-тоқсанға арналған Ақтөбе облысының әкімі және оның орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі
Ақпарат
16 октября 2025
Ақтөбе облысы әкімінің аппараты
2025 жылғы 3-тоқсанда облыс әкімдігінің жеке қабылдау туралы есебі
Ақпарат
03 октября 2025
Ақтөбе облысы әкімінің аппараты
2025ж 3-тоқсан кестесі Ақтөбе облысының әкімі және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесі_0
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы