"Ауыл аманаты" жобасы

"Ауыл аманаты" жобасы

2022 жылы өңірде ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы бастау алды.

Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту. Өзін-өзі қамтушыларды заңдастыру. Ауылдық елді-мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құстың санын көбейту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады

Несиенің негізгі шарттарына тоқталатын болсақ, жоба аясында ауылдық елді-мекен тұрғындарына пайыздық мөлшерлемесі 2,5% жеңілдетілген несие беріледі.

Несие мал, құспен өсімдік шаруашылығын дамытуға, кооперативтерді жабдықтауға және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бағытында шағын кәсіпкерлік ашуға бағдарланған.

Несиенің шекті көлемі 2,5 мың АЕК (8 625 000 тг) дейін, кооперацияларды дамытуға 8 мың АЕК дейін (27 600 000 тг.) (АЕК- 3450 тг).         Мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы жобаларына  7 жылға дейін.

Несиені алу үшін кепіл қою және жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті болып табылады. Несие кепіл құнының 70%-на беріледі.

Жобаның ерекшелігі, екінші деңгейдегі банктер кепілге алмайтын ауылдық елді мекендердегі жылжымайтын мүлікті кепілге қою мүмкіндігі бар.

Облыс бойынша «Ауыл аманаты» жобасына 12 ауданнан 24 ауылдық округ қатысуда.

Қатысушы ауылдық округтерде 61 елді мекен, 8054 аулада 42,4 мың адам тұрады.

         Әлеуметтік көрінісі келесідей: жұмысқа жарамды 25,6 мың адам, жұмыссыздар 747  адам, өзін-өзі қамтушылар 5,0 мың  адам, зейнеткерлер 4,0 мың адам, атаулы әлеуметтік көмек алатындар 151 отбасы немесе 885 адам.

         Аудан әкімдіктері жүргізген скрининг нәтижесінде, жалпы сомасы 3,0 млрд. теңгеге 2772 жоба анықталды.

Атап айтқанда, құс шаруашылығын дамытуға – 0,6 млрд. теңгеге 2182 жоба, өсімдік шаруашылығын дамытуға – 0,7 млрд. теңгеге 324 жобакооперативтерді жабдықтауға 0,5 млрд. теңгеге 24 жоба және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша шағын бизнес ашуға – 1,1 млрд. теңгеге 224 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Жобаны қаржыландыруға 2022 жылдың қараша айында республикалық бюджеттен 3,0 млрд. теңге бөлініп, қаржыландырушы оператор «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ға аударылды. А.ж. ақпан айында қосымша 3,5 млрд. қаражат күтілуде.

Бүгінгі күні облыс бойынша «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ға 781,0 млн. теңгеге 160 өтінім келіп түсіп, 340,0млн. теңгеге 79 жоба мақұлданды.