
Ақтөбе облысының жер саласы бойынша ақпарат
(2025 жылға арналған мәліметтер негізінде)
Жер ресурстарын ұтымды пайдалану, оларды қорғау және топырақ құнарлылығын арттыру — өңірдегі басты басымдықтардың бірі болып қала береді.
Ақтөбе облысы республика бойынша жер көлемі жағынан алдыңғы қатарда. Жалпы жер қоры 30,1 млн гектарды құрайды, оның ішінде:
Жер қорының санаттар бойынша бөлінуі:
Жерлерді айналымға енгізу
2025 жылы ауыл шаруашылығы айналымына 13,3 млн га жер енгізілді. Оның ішінде:
Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару
2022 жылғы Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес, 2024 жылы 130 мың га пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерін қайтару жоспарланған. Нәтижесінде 219,063 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспар 168% орындалды.
2025 жылы тағы 160 мың га жерді қайтару көзделуде. Бұл жоспар аудан әкімдерімен келісіліп, бекітілді.
Сонымен қатар, 2025 жылы Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданған материалдар бойынша 489,8 мың га ауыл шаруашылығы жерінде 216 учаскеге тексеріс жүргізіліп, 1 жыл мерзімге нұсқамалар берілді.
Елді мекендердің жерлері
Облыста жалпы көлемі 4320,2 мың га болатын 323 елді мекен орналасқан, оның ішінде 4053,4 мың га жайылымдық жер.
ҚР АШМ бекіткен жайылымға түсетін жүктеменің шекті нормасына сәйкес, 10 ауданда жайылыммен қамтамасыз ету деңгейі жеткілікті. Алайда, кейбір аудандарда мал басының көбеюіне байланысты 97,0 мың га жайылым жетіспеушілігі байқалады:
2025 жылы бұл аудандарда қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері есебінен елді мекендердегі жайылым көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.