Жалпы ақпарат

Әкімдік туралы

Алға ауданы - Қазақстанның Ақтөбе облысындағы екінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірлік, облыстың солтүстігінде орналасқан.

1933 жылы Ключевой ауданы ретінде құрылған. 1963 жылы Алға ауданы болып өзгертілді. Ауданның әкімшілік орталығы-Алға қаласы. Аудан облыстың солтүстігінде орналасқан. Хромтау, Мұғалжар, Темір, Қобда және Мәртөк аудандарымен, сондай-ақ Ақтөбе қалалық әкімшілігінің аумағымен шектеседі. Алға ауданы 12 ауылдық округтен тұрады, оның құрамында 30 ауыл және бір аудандық маңызы бар қала бар. Аудан халқы 43794 адам құрайды (2024 жылдың 1 шілдеге).

«Алға ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудан әкімі және әкімдігінің қызметін сапалы және уақытылы ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты