
Алға ауданында қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Саяси партиялар, қоғамдық, үкіметтік емес және діни ұйымдар өз қызметтерін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүргізуде. Олар мемлекеттік органдар тарапынан өткізілген барлық қоғамдық-саяси шараларға қатысуда.
Ауданда «ADILET» партиясының ғана аудандық филиалы тіркелген. Мүшелігінде 1534 адам.
Қазіргі таңда 5 діни бірлестік жұмыс жасауда (Алға қаласындағы «Хазірет Мұхаммедқазы Меңдіқұлұлы» атындағы аудандық мешіт, Қарабұлақ ауылындағы мешіт, Бесқоспа ауылының мешіті, Бестамақ ауылының мешіті, Свято-Троицкий Храмы). Оның ішінде 4 мешіт Қазақстан Республикасы Мұсылмандар діни басқармасының филиалы болып тіркелген. Ауданда келесі қоғамдық бірлестіктер жұмыс жасайды:
Аудандық Ардагерлер Кеңесі (мүшелікте 38 ақсақал бар), төрағасы Б.Аппазов;
Алға аудандық мүгедектер қоғамының аудандық филиалы (мүшелікте 285 адам бар), төрайымы Р.Минбаева;
Алға аудандық аналар кеңесі (мүшелікте 150 адам бар), төрайымы Б.Ерғалиева;
Алға аудандық әжелер кеңесі (мүшелікте 70 адам бар), төрайымы А.Аққағазова;
Аудандық қоғамдық кеңес (құрамында 12 адам бар), төрайымы Д.Кубесова;
Сонымен қатар, қоғамдық медиаторлар (қатарында 13 адам бар), 20 ҮЕҰ жұмыс жасайды.
Аудан тұрғындарына ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстарды жүйелі хабарлап отыру мақсатында instagram, facebook, threads, tiktok парақшалары, whatsapp желісі және аудандық сайт жұмыс жасауда. Ондағы жаңалықтар күнделікті толықтырылып, whatsapp желісіне келген сұрақтарға тез арада жауаптар жолданып отырады.
Алға ауданында 43680 адам тұрса, оның ішінде 36933-і қазақтар, 2657-сі орыстар, 1976–сы украиндер, 501-і немістер, 268-і татарлар, 245-і болгарлар және өзге де ұлттар мекен етеді. Алға ауданында тұрып жатқан барлық ұлттар аудан экономикасының әртүрлі саласында еңбек етуде және ауданда өтетін барлық мәдени - көпшілік іс-шараларға, ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысады.
Бүгінгі күнде аудандағы жалпы саяси қоғамдық жағдай тұрақты. Ұлт аралық немесе дін аралық келіспеушіліктер туындайтындай негіз жоқ. Жағдай аудан әкімдігімен және құзырлы органдармен тұрақты бақылануда.
Аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты 2 орталық жұмыс жасайды. Олар: аудандық жастар ресурстық орталығы және аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс орталығы.