Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жастар ресурстық орталығы

Жастар ресурстық орталығы 14-35 жас аралығындағы жастармен жұмыс жасайды. Орталықтың мақсаты – жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына ықпал ету, сондай-ақ жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсету.

Жастар ресурстық орталығы:

  1. Жастарды жұмысқа орналастыруға дайындауға және кәсіптік бағдар беруге көмектесу. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар (дипломмен ауылға, жасыл ел, жастар тәжірибесі) мен жобалар туралы жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;

  2. Бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік дағдыларын, құзыреттіліктерін және дербестігін дамыту: өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;

  3. Жастар арасында цифрлық сауаттылықты насихаттау және жаңа технологияларды дамыту;

  4. Жастарға психологиялық көмек көрсету, жастармен психологиялық тренингтер мен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу. Жеке және эмоционалды мәселелер бойынша психологиялық кеңестер беру;

  5. Жастар арасында волонтерлік қызметті қолдау және дамыту. Жастарға волонтерлік және оларды қолдау мүмкіндіктері туралы кеңес беру және ақпараттандыру. Жастар арасындағы волонтерлік қызметті қолдау және дамыту мақсатында оқу курстарын, мектептерді, лагерьлерді, семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру;

  6. Жас отбасылармен жұмысты қамтамасыз ету және жастарды отбасылық өмірге дайындауға көмектесу, жас отбасыларға неке мәселелері бойынша отбасылық кеңес беру. Неке тіркеуге өтініш білдірген жастармен жұмыс жасау. Қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.

  7. 2026 жылы аудан бойынша анықталған жастар саны – 11 926. Жыл басынан бері өткізілген іс шаралар: жастардың барлық санаттарымен 242 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 41 кездесу, 11 дөңгелек үстел, 31 мәдени танымдық шара, 7 акция, 9 семинар, 2 тренинг, 52 спорттық шара, 89 өзгеде іс шаралар ұйымдастырылды. Шараларда шамамен 13465-ке жуық жас қамтылды. Іс шаралар қала орталығы мен ауылдық округтерді қамтыды.

  Жыл басынан жастар ресурстық орталығына 423 жас түрлі сұрақпен жүгінді. Өтініштердің сипаты: жұмыссыздық (284), шығармашылықты қолдау (118), психологиялық (2), заңгерлік (3), кәсіпкерлік мәселесі (7) және өзге мәселелерден (9) құралады. Жұмыссыздық мәселесімен келген жастардың 22 жас тұрақты жұмысқа және 62 жас (жұмыссыз, студент, оқушы) маусымдық «Жасыл ел» жасағына жұмысқа орналасты.

Документы
Новости
Полезные материалы
Жастар ресурстық орталығы
Медиагалерея
10
Отан қорғау - борышымыз!
7
Тәуелсіздік құрдастары
События
18 ноября
Семинар-тренинг
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

algaakimat
Alga Aydany Akimdigi

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы