Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2024 жылдың жылы атқарылған жұмысы туралы ЕСЕБІ

2024 жылдың 1 желтоқсанынаа ауданның мәдени саласында мекемелерінің саны 31  халыққа қызмет көрсетеді. Олар:

1- аудандық мәдениет Үйі,

1- қалалық саңыраулар клубы,

12- ауылдық мәдениет Үйлері мен клубтар,

1- аудандық орталық кітапхана,

1- балалар,

13- ауылдық кітапхана,

1- облыстық тарихи- өлкетану музейінің Алға аудандық бөлімі

Есет батыр мемориалдық кешені.

Саладағы мәдениет қызметкерлерінің жалпы саны - 147 штаттық бірлік, оның ішінде шығармашылық құрам - 69   адам.     

Мәдениет саласындағы мекемелерде  халықтың ықыласына бөленіп, өңіріміздің мәдениеті мен өзіндік ерекшелігін насихаттайтын жоғары деңгейдегі мәдени шаралар ұйымдастырылып келеді

2024 жылы өткізілген мәдени шаралар саны-710. Оған қатысушылар саны-153329

Аудан бойынша үйірмелер саны–43, қатысушылар саны–365.Оның ішінде  балалар үйірмесі-18, қатысушылары саны–174. «Халықтық», «Үлгілі» атақтары бар ұжымдар  саны–6.  Оған қатысушылар саны-66.

«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қарақұдық ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысы  жүргізілді. Техникалық және авторлық жұмыстарын қоса есептегенде күрделі жөндеу жұмысының жалпы қаражаты - 165037,0 мың теңге игерілді. Қарақұдық мәдениет үйіне материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында 5944,0 мың тенге қаражат бөлінді.

Маржанбұлак ауылдық МҮне кател орналыстыру, алу – 3500,0 м.тг.

Қарақұдық АМҮне сахналык және терезе жапқыш алу -  5000,0м.тг.

Есет батыр АМҮ, Аудандық МҮ, Тіккайын АМҮ, Маржанбұлақ АМҮ, Карахобда АК электор генератор алынды – 5944,0 м.тг.

Сонымен қатар мәдениет үйінде ұйымдастырған аудандық іс-шараларға  игерілгені-17000,0 мың.тг.

КІТАПХАНА

Халық арасында кітап құндылығын дәріптейтін мәдени-ағартушылық бағыттағы мекемелердің бірі – ол кітапхана

Ауданда 15 кітапхана бар, оның ішінде ауылдық жерде 13 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Кітапханалардың кітап қоры –266378 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде –88154, дана. ауылдық жерде-151408, мемлекеттік тілде –58728.

2 - модельді кітапхана      (Есет батыр, Маржанбұлақ)

3 - коворикнг орталығы  жұмыс жасайды (Бестамақ, Ақай, Үшқұдық)

Өткізілген іс шара саны - 449, оқырман саны  - 19929.

2024 жылы кітап сатып алуға  2 700,35 мың теңге қаражат бөлініп, 1004 кітап сатып  алынды.

Ақтөбе қаласының  155 жылдығы  және ақын Ізтай Мәмбетовтың 95 жылдығына орай Ел іші-өнер кеніші» атты Алға ауданының қала және ауыл күндері ұйымдастырылды.

Мақсаты: халық арасындағы таланттарды анықтау, халықтың рухани байлығын көтеру: өткенімізді бағалай отырып, жас ұрпақты тарих тереңіне бойлатып, мәдени мұраларымызды қастерлеуге үйрету;

- балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, жас талант иелерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру;

-  жастарды өңірдегі қоғамдық – мәдени шараларға белсене қатыстыру;

- өңірден шыққан тауарлар мен өнімдердің, көркем өнерпаздар ұжымдарының осы заманғы бәсекелестік ортаға бейімделуіне қолдау көрсету, тұрғылықты халықтың сұраныстарын қанағаттандыру;

Аталмыш шараға барлық ауылдық округтері қатысып, байқау талаптарына жан-жақты  дайындалып, өнерлерін көрсетті.

Мемлекеттік  тілді дамытуға бағытталған жұмыстары туралы ақпараты

«Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ   Бөлімінің жұмысындағы маңызды  бағыттың бірі– мемлекеттік тіл мәселесі.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының  2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындалу барысында  жыл сайын мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен қолданыс аясын кеңейтуге арналған әртүрлі форматтағы шаралар  ұйымдастырылады.

Аудан бойынша 2008-2022 жылдары тілдерді оқыту орталығының тілдік курстары  жұмыс жасады.  Тілдерді оқыту курсы өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйтеру мақсатында жұмыстар жасап, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, ашық алаң, тілдік байқаулар ұйымдастырылды. Сол аралықта мемлекеттік тілді оқытумен қамтылғандар: 1465 адам.

Іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі мәселелері де назардан тыс қалған емес. Бұл бағытта іс қағаздарының жүргізілу бойынша тоқсан сайын мекемелер арасында мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі күні аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдарда іс қағаздарының мемлекеттік тілдегі үлесі 100% ды құрайды.

Қазіргі таңда көрнекі ақпарат саласында орын алып отырған келеңсіздіктер өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Жарнама мен көрнекі ақпаратта тіл туралы заңнаманың сақталмайтыны, жарнама мәтіндеріндегі стилистикалық,  граматикалық қателердің орын алуы тұрғындардың наразылығын тудыруда. Бұл тұрғыда бөлім тарапынан мамандар тіл туралы заңды басшылыққа ала отырып, нысандарға бөлім жанынан құрылған мониторинг топ тоқсан сайын мониторинг жүргізіп тұрады. Алға қаласы бойынша бірнеше мекемеге (дүкендер, шаштараз, дәріхана, сауда нүктелері т.б) көрнекі ақпараттарды қарап, заңнама талаптарының сақталуы мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тұрады. Мониторинг жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді түзету үшін нысан иелеріне түсіндіріп, мамандар тарапынан әдістемелік көмек көрсетіліп, жаднама таратылды.

Қазақстан  Республикасындағы  тіл  саясатын  іске  асырудың  мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге асыру бағытында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде сәуір-желтоқсан айлары аралығында «Мемекеттік тіл – ұлт тірегі» аудандық тіл фестивалі аясында бірнеше  байқаулар өткізіледі.  Осы орайда  2024 жылы жергілікті бюджеттен 1500,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қаржы тіл байқауларына жұмсалады. Атап айтсақ:

Ақпан айында ақын, аудармашы, журналист Ізтай Тілеуліұлы Мәмбетовтың 95 жылдық мерейтойына орай «Көктемір» дастанын жатқа оқу аудандық байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Байқауға Алға қаласы, Ақай, Маржанбұлақ, Қарахобда, Қарабұлақ, Қарағаш, Бестамақ, Тамды ауылдарынан барлығы 10 қатысушы қатысты. Байқау барысында қатысушылар ақынның «Көктемір» дастанын көркемдеп орындап, нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, аудан әкімдігі атынан арнайы диплом, алғыс хаттар және сертификаттармен  марапатталды.

16 мамыр күні Коворкинг орталығында  18-35 жас аралығындағы жастардың  қатысуымен «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты аудандық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, оның қолдану аясын кеңейту; жастардың қазақ тілінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шешендік қабілетін дамыту, жастарды қазақ тілін үйренуге ынталандыру;

Байқауға Алға қаласы, Ақай, Маржанбұлақ, Қарахобда, Бестамақ, Тамды ауылдарынан барлығы 7 талапкер қатысып, ақынның шығармаларын шеберлікпен сахналық көріністермен көркемдеп,  жеткізді. Нәтижесінде әділқазылардың шешімімен жеңімпаздар анықталып, арнайы диплом, алғыс хаттар және сертификаттар табысталды. 

1 маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесі аясында мектепке дейінгі балаларға арналған дәстүрлі «Тіл болашағы–балабақшада» атты бүлдіршіндер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі білім мекемелерінде мемлекеттік тілдің қолданысын арттыру, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу. Мақал-мәтелдер арқылы дүниетанымдарын, ой-өрістерін дамыту. Тілдің бала өміріндегі құдіретін таныта отырып, ұлттық рухты бойға сіңіру, халқына деген ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Байқауға ауылдардан барлығы 8 балабакша ұжымдары қатысты.  Байқау шарты бойынша бүлдіршіндер берілген тапсырмаларды жан жақты орындап, өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде барлық қатысқан балаларға Алғыс хаттар беріліп, әр топқа түрлі номинациялармен аудан әкімдігінің арнайы дипломдары және бағалы сыйлықтар табысталды.

28 қыркүйекте  Саналы ғұмырын Алаш жұртына арнаған Ұлт ұстазының құрметіне "Ұлтымыздың ұлы ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлы" атты ауданық байқау өткізілді. Ақынның өлеңдерін жаттап, сынға түскен қатысушылар алдымен Алаш арысының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Байқау 3 кезеңнен тұрды.

Байқауға аудан бойынша жас ерекшелігі 18-35 жас аралығындағы барлық жыр сүйер жастар қатысты. Байқаудың мақсаты: ағартушы, әдебиеттанушы, аудармашы А.Байтұрсынұлының есімін жас ұрпаққа үлгі ету, ұғындыру және шығармашылығын насихаттау; Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хат, ынталандыру сыйлықтарымен табысталды.

20  қарашада  жыршы-термеші Кердері Әбубәкір Боранқұлұлының  шығармаларын насихаттау мақсатында «Елінің ертеңіне елеңдеген дара тұлға» аудандық  байқау өтті. Байқауға Алға қаласы, Болгарка, Тікқайың, Қарабұлақ, Қарақұдық, Маржанбұлақ ауылдарынан барлығы 6 үміткер бақтарын сынады.Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

20 желтоқсанда Ф.Оңғарсынованың 85 жылдығына орай «Поэзия падишасы-Фариза» атты мәнерлеп оқудан  қала мектептерінде 8-10 класс оқушылары арасында байқауын өткізу  жоспарлануда.

Сонымен қатар  мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру өзектілігін ескере отырып, мемлекеттік бағдарлама аясында тілдік шараларды ұйымдастыру бағытында  аудандық кітапханаларда  кітап көрмелері, тақырыптық іс-шаралар,  дөңгелек үстелдер, танымдық сағаттар ұйымдастырылып өткізілді.

Сонымен қатар мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында 2024 жылғы  жоспарға  сай  өткізілген  іс-шаралардың  барлығы  қазақ тілінде  өткізілді. Ауданда  мемлекеттік  тілдің  мәртебесін  көтеріп,  оның  қолданыс  аясын  кеңейту,  жастардың сөздік қорын молайту, ана тіліміздің қадір–қасиетін бойына дарыту, ана тілімізді қадірлей білуге үйрету мақсатында көптеген  іс-шаралар  ұйымдастырылды.  Осыған  орай ауданда   барлығы 35  шара  өткізілді.  (Оның: 6-байқау, 4 сайыс,  2  патриоттық  кеш,  11  танымдық  кеш,  1  көрме,  2  экскурсия);  Қамтылған адам саны-1535;

Барлық өткізілген іс-шаралар жергілікті «Жұлдыз-Звезда» газетіне және alga_madeniet инстаграм және «Алға Мәдениет» фейсбук парақшаларында әлеуметтік желілерде жарияланад

Документы
Новости
Полезные материалы
2024 жылы Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жартыжылдықта атқарылған жұмыстары туралы ақпараты
Алға ауданы тврихы
Медиагалерея
События
12 сентября
Отбасым тірегім
15 апреля
Ғашықтар күніне арналған онлайн концерт
06 мая
Отан қорғау -ер ісі!
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

algaakimat
Alga Aydany Akimdigi

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы