
Аудан тұрғындарына 1 аудандық аурухана, 8 дәрігерлік амбулатория,19 медициналық пункт,1 фельдшерлік акушерлік пункт медициналық қызмет көрсетеді.
Алға ауданы бойынша халыққа мемлекеттік тапсырыспен медициналық көмек көрсететін аудандық аурухана 2022 жылы аккредитациядан өтіп, 2-ші категория алды.
Аудандық аурухананың басты міндеттерінің бірі - кадрлық потенциалды арттыру. Алға ауданында 345 қызметкер жұмыс атқарады: 73 дәрігер және 272 мейірбикелер. Биылғы жылы ауданға 37 маман жұмысқа орналасты, оның ішінде:10 дәрігер,27 орта медицина қызметкерлері.
ТМККБК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қызметтер көрсетуге арналған жылдық қаржыландыру жоспары 2022 жылы 64,7% - ға ұлғайды. Кәсіпорын бойынша жалақының өсуі 2020 жылмен салыстырғанда 60,1% құрады.
Алға аудандық ауруханаға 2022 жылы керек-жарақтары бар пациенттің конвекциялық жылыту жүйесі, гемоденамикалық модулі және импульстік оксиметриясы бар пациенттің мониторы, рентгендік диагностикалық портативті 12L7 АРМАН аппараты, икемді эндоскоптарға арналған жуу-дезинфекциялау Автоматты репроцессоры, компьютерлік томограф алынды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3 УАЗ санитарлық автокөлігі сатып алынды.
Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту бойынша 2022 жылы Алға ауданында "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында Қарағаш дәрігерлік амбулаториясының құрылысы аяқталды.
2022 жылы халықтың «табиғи өсім» көрсеткіші 3,3%-ға жоғарылаған.
Ауданда туберкулезге қарсы қызмет БМСК-пен, аудандық СЭС және басқа ведомствоаралық мекемелермен аудандық әкімшіліктің қолдауымен туберкулездің эпидемиологиялық ақуалы төмендеді.
Вакцинациямен қамтудың оңтайлы деңгейіне қол жеткізбеу қазіргі таңдағы басты мәселе болып отыр. Жоспарлы екпеден бас тартушы ата – аналар саны өсуде. Балалар арасында қажетті деңгейде иммундық топтың уақытылы қалыптаспау себебінен аудан аумағында инфекцияның өршуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Аудандық аурухананың алдына қойған міндеттері:
Ана мен бала денсаулығын қорғау сұрақтары ерекше назарда.
Жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерді амбулаторлық деңгейде бақылау сапасын күшейту.
Балаларды иммунопрофилактикалау бойынша жұмысты жандандыру. Медицина кадрларының тапшылығын төмендету. Кадрлардың біліктілігін арттыру.