
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Алға ауданында 3223 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде 3142-сі белсенді жұмыс істейді. Белсенді кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 97,4%-ды құрайды. Есепті кезеңде 306 жаңа кәсіпкерлік субъектісі ашылды.
Кәсіпкерлік саласында 4828 адам жұмыспен қамтылған. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі 26,2 млрд теңгені құрады.
Бөлшек сауда көлемі 3,2 млрд теңге, көтерме сауда көлемі 2,6 млрд теңге болды.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 9,5 млрд теңгені құрады. Өндіріс көлемінің төмендеуіне өңдеу өнеркәсібіндегі бірқатар кәсіпорындардың өнім шығару көлемінің азаюы әсер етті.
Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 43,5 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке инвестициялар көлемі – 25,5 млрд теңге.
Мемлекеттік қолдау шаралары аясында кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 908,9 млн теңгеге 19 жоба іске асырылды. Оның ішінде 11 жобаға 591,8 млн теңге көлемінде субсидия берілді.
Инфрақұрылымды дамыту бағытында жалпы құны 227,4 млн теңгені құрайтын 4 жоба мақұлданып, инженерлік-коммуникациялық желілерді тарту жұмыстары жүргізілуде.