
Ауданда 5 діни бірлестік тіркелген. Олар аудандық «Хазірет Мұхаммедқазы Меңдіқұлұлы» мешіті, Бестамақ, Бесқоспа, Қарабұлақ ауылдық мешіттері және Свято-Троицкий шіркеуі. Барлығы да имамдармен және дін қызметшілерімен қамтылған. Ауданның имамдары 1-еуі жоғары білімді, 3-еуі арнаулы орта, барлығынында әлеуметтік жағдайлары шешілген. Осы мешіттерге 700-ге жуық жамағат келіп, намаз оқиды. Мешіт имамдарының арнайы діни білімдері бар. Келген жамағатқа тиісті дәрежеде қызмет көрсете алады.
Аудандағы діни ахуал тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатымен тиісті шаралар жасалуда. 2022 жылдың басынан бері облыстық және аудандық ақпараттық түсіндіру топтарымен діни сауаттылықты көтеру, діни эктремизм және терроризм көріністерінің алдын алу мақсатында тұрғындар, студенттер, оқушылар арасында, мекемелерде 100 жалпы кездесулер өткізіліп, оған 4156 адам тартылды. Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың белгілерін сипаттайтын 300-ден астам ақпараттық көрнекі құралдар таратылды. Осы кезеңге дейін орталықтың инстаграмдағы @alga_din парақшасында 12 тікелей эфир жүргізілді. Ғаламтор кеңістігінде жат ағымға қарсы насихат жүргізу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Қазіргі таңда @alga_din парақшасында инстаграмда – 3156 , фейсбукте – 2856, ВКонтакте – 652, Ютуб каналда -14 оқырмандар тіркелген. Барлық әлеуметтік желіде жылдың басынан 2400-ге жуық пост, ал ресми және бейресми аккаунтарда 12 пост жарияланды. Жылдың басынан бері аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетіндегі «Дін» айдарында 8 мақала, ал облыстық «Эврика» газетінде 1 мақала жарияланды.
Халықтың діни сұрақтарына жедел жауап беру мақсатында аудандық Дін орталығының «Сенім телефоны» қызметін кеңінен ақпараттандыру үшін Алға қаласының Наурыз көшесінде банер орналыстырылды. 2020 жылдың ақпан айынан бастап Дін орталығының сенім телефоны ватсап желісіне қосылып, сол кезден бері 46 сұрақ келіп түсті, барлығына уақытылы жауап берілді.
Жоғарыда аталған шаралардың барлығы аудан тұрғындарының діни сауаттылығын арттыруға және деструктивті ықпалдың алдын алуға бағытталған.