
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру
Ақтөбе облысы Алға ауданының Алға қаласында Жастық, Қазақская, Көкбекті және Ілекская көшелеріне көше жарығын орнату жобалары жүзеге асырылды.
Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту
Ақтөбе облысы Алға ауданының Көктогай және Тікқайың ауылдарында сумен жабдықтау нысандарының құрылысы іске асырылды.
Мәдениет нысандарын дамыту
Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық ауылындағы «Шәкен Ишан» мешітіне автономды газ қазандығы салынды, сондай-ақ мешітке шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы жапсаржай құрылысы жүргізілді.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылында орналасқан Есет батыр мемориалдық кешенінің қонақ үйі қайта жаңғыртылды.
Спорт нысандарын дамыту
Алға қаласында бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған.
Индустриялық инфрақұрылымды дамыту
«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округінде орналасқан «Бесата» шаруа қожалығын электрмен жабдықтау жобасы жүзеге асырылды.
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Маржанбұлақ ауылында бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылға жоспарлан