
Алға ауданы бойынша 103 спорт нысаны бар. Олар:
1500 орынға арналған мінбелері бар 1 стадион;
3 дене шынықтыру және сауықтыру спорттық кешені;
2 атқыштар тирі
1 хоккей корты 56 жазықтық құрылғылары
1 жүзу бассейні 38 спорттық зал (оның 27-сі білім беру мекемелеріндегі спорт залдары):
102 спорт нысанының ішіндегі 5 нысан 2024 жылы жаңадан пайдалануға берілді:
1) Алға қаласында 2 воркаут алаңы
2) Маржанбұлақ ауылында 1 футбол алаңы
3) Алға қаласында 1 стритбол алаңы
4) Есет батыр ауылында 1 футбол алаңы
Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмыс бойынша негізгі көрсеткіштер.
Алға ауданында дене шынықтырумен қамтылған халық саны – 20700 адам, 47,3%.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде алғашқы дайындық топтарының саны -35, оқу-жаттығу топтарының саны-37, еркін күресінен 16, бокстан 1 спорт шеберіне үміткер бар. Маржанбұлақ аула клубы 181 тәрбиеленушісі бар (бокс, тоғызқұмалақ, волейбол, теннис, шахмат) және «Жастық Жігер» аула клубы спорттық бағытында секцияларында («Жас турист», үстел теннисі, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ) 354 бала, мектеп жанындағы спорт секцияларында 5630 оқушы бар.
Жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша 2 спорт секциясы қызмет етуде: Алға футбол федерациясы-42 бала, «Иран» жүзу бассейні-98 бала.
Ақылы спорт секциялары: ММА аралас жекпе-жек 24 , таэквондо-45, Маржанбұлақ ауылында каратэ секциясы-70, Бестамақ ауылында еркін күрес-60, жүзу-13 бала.
Аудан көлемінде 2024 жылы 11 айда 109 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 15 620 адам қамтылды. Оның ішінде бұқаралық спорттық шаралар-20, оған қатысқан адам саны- 5800
2024 жылы жоспарланған ірі спорттық шаралар, атап айтқанда 6 аудандық спартакиада, 3 ашық облыстық турнир, 7 ашық аудандық турнир, 4спорт түрлері бойынша Лига ойындары, 5 спорт түрлері бойынша фестиваль жосап бойынша жүзеге асырылды.
1 Республикалық турнир 7-10 қазанда Алға қаласындағы Есет батыр атындағы спорт кешенінде Есет батыр Көкіұлына арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтті.Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 20 команда келіп, 200-ден астам палуан қатысты.Осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан турнирде екі күнге созылып турнир ютуб каналда тікелей эфирде көрсетілді.
2024 жылы аудандық іс-шаралар ұйымдастыруға–14,7 млн тг, облыстық жарыстарға қатысуға–9,5 млн тг бөлінді.