«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес 2023 жылғы 26 сәуір мен 5 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысының 74 орта білім беру ұйымында 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (бұдан әрі – ББЖМ) жүргізілді.