
ББЖМ кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: 4-сыныптарда - оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, 9-сыныптарда - математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізілді.
Білім беру ұйымдарында ББЖМ жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, «Өрлеу» кәсіби даму институты мен Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі департаменттің өкілдері жүзеге асырды.
Мектептердегі кешенді тестілеу ББЖМ қағидаларының өткізу тәртібіне сай жүргізіліп, тестілеу барысында ереже бұзылғаны анықталмады.
ББЖМ жүргізілгеннен кейін білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау үшін білім беру ұйымдарының тестіленушілері мен педагогтері арасында жасырын
ББЖМ жүргізілгеннен кейін оқу нәтижелеріне әсер ететін факторларды анықтау үшін оқушылар, педагогтер және білім беру ұйымдарының басшылары жасырын сауалнамадан өтті.