Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг басталды.

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг басталды.

 

 

Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні облысымыздың білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (бұдан әрі – ББЖМ) басталды.

ББЖМ 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында жүргізіледі.

ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт (оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша жүргізіледі.

ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, оқыту тілінде екі бағыт (математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық) бойынша, үш тілде (орыс, қазақ және ағылшын) бір бағыт (оқу сауаттылығы) бойынша жүргізіледі.

Тестілеу аяқталған соң білім алушылардың нәтижелері компьютердің экранына шығарылады.

ББЖМ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына ол аяқталған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жеткізіледі және құқықтық салдары болмайды.