Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру туралы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру туралы

 

Ағымдағы жылдың 14 сәіурде Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру мақсатында, Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрлан Габдушев Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Даурен Хаировпен бірлесіп, Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир өткізді.
Іс – шара барысында тікелей эфирге қатысушыларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы кейбір заңнамалық нормаларға енгізілген өзгерістер және Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді.
Сонымен бірге, Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде белгіленген қағидаттарды түсіндіру жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндалды.