
2023 жылғы 18-21 сәуірде республикамыздың 3 қаласы және 17 аймағында 10-11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өткізіледі. Қорытынды кезеңге 730 оқушы қатысады. Олимпиада қашықтық форматында жүргізіледі.
Комиссия құрамында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және БҚО Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің өкілдері бар.
Естеріңізге сала кетейік, олимпиада әрбір жалпы білім беретін пән бойынша төрт кезеңде өткізіледі: мектепішілік, аудандық/қалалық, облыстық, республикалық.
Орал қаласында өтіп жатырған қорытынды кезеңге облыстық кезеңнің жеңімпаздары болып табылатын 32 оқушы қатысуда.