Мемлекеттік аттестаттау

Мемлекеттік аттестаттау

Қазақстан Ресбуликасының «Білім туралы» заңының талаптарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2023 жылдың І-тоқсанында бекітілген тізім негізінде 27 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау арқылы мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Оның ішінде мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары 4, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру ұйымдары 13, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары 10. Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымы көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өткізілді. Мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде аттестатталды 3: 2 мектеп, 1 колледж. Аттестатталмады 24. Анықталған кемшіліктер бойынша әдістемелік көмектер берілді.