МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ БАСТАЛАДЫ

МЕКТЕПТЕРДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ БАСТАЛАДЫ

2023 жылдың 24 сәуірінен 12 мамыр аралығында 4-9 сынып оқушылары арасында білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) өтеді. Оған Батыс Қазақстан облысы бойынша 74 мектептен 1680 оқушы қатысып, оқу, математикалық және жаратылыстану бағыттары бойынша компьютерлік кешенді тестілеуден өтеді.

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі – құқықтық салдары жоқ. Тестілеуді арнайы оқытылған өкілдер өткізеді.

«ББЖМ қорытындысы бойынша-еліміздің барлық өңіріне білім беру сапасын жақсарту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленеді, ол мектептердегі білімді дамытуға ықпал етеді.