
Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (бұдан әрі қарай-ББЖМ) жүргізу бойынша Білім беру ұйымдарында ББЖМ жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ететін Министрліктің уәкілетті өкілдерімен семинар өткізді.
Семинар барысында Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары нақтыланды, әдістемелік ұсынымдар берілді.
Айта кетейік, биыл облыс бойынша 74 білім беру ұйымы ББЖМ жүргізумен қамтылады.