VII шақырылған Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлаудың нәтижесі туралы хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда тұтас сайлау округінің аумағы бойынша Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын кезекті сайлау өткізілді.

Облыс бойынша сайлаушылар тізіміне 519633 азамат енгізілді, соның ішінде 378320 адам немесе 72,80 пайызы сайлау бюллетендерін алды.

Дауыс беруге 370760 адам қатысты, соның ішінде бекітуден шығару куәліктері бойынша 1066 сайлаушы дауыс берді, 6541 сайлаушы орынжайдан тыс дауыс берді.

Сайлауға  4 саяси партия қатысты.

Дауыс беру кезінде саяси партияларды жақтап мынадай дауыс саны берілді:

«Nur Otan» партиясы - 275414 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 75,72 %;

 «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы –                  32365 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,90 %;

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы32398 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,91 %;

«ADAL» саяси партиясы – 23544 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 6,47 %.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан жеті және одан көп процент алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың мынадай бөлінуі анықталды:

«Nur Otan» партиясы – 26 мандат;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 3 мандат;

«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 3 мандат.

 

Ақмола облыстық сайлау комиссиясы

 

Көкшетау қ.

Степногорск қ.

Ақкөл ауданы

Аршалы ауданы

Астрахан ауданы

Атбасар ауданы

Бұланды ауданы

Бурабай ауданы

Егіндікөл ауданы

Біржан Сал ауданы

Ерейментау ауданы

Есіл ауданы

Жақсы ауданы

Жарқайын ауданы

Зеренді ауданы

Қорғалжын ауданы

Сандықтау ауданы

Целиноград ауданы

Шортандыауданы

 

Дата публикации
11 января 2021